» » Мейрамбек Бесбаевтың ізімен: Тағы бір әнші кеңесші болды

Мейрамбек Бесбаевтың ізімен: Тағы бір әнші кеңесші болды

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қыдырәлі Нұртайұлы министрдің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалған.

Әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы (Phd 2015) Қыдырәлі Болманов Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. АБК, «Ұлытау» топтарының және әнші Қарақат Әбілдинаның продюсері.

Ол 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының мәдениет департаментінің директоры болған. Одан кейін 2008 жылы Астана қаласының мәдениет департаментін басқарды.

Айта кетейік, кеше тағы бір танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.

04 қыркүйек 2019 ж. 1 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031