» » Ұлы Отан соғысы жайында 10 дерек

Ұлы Отан соғысы жайында 10 дерек


1.18 жыл бойы КСРО-да Жеңіс күні тойланған жоқ. 1947жылдан 1965 жылға дейін 9 мамыр жұмыс күні болып, тойланбай келді. Жеңіс мерекесін тойлаудан бас тартуды кейбір тарихшылар Кеңес билігінің тәуелсіз әрі белсенді ардагерлерден қорқатындығымен түсіндреді. Ал ресми түрде: Соғыс туралы ұмытып, бар күш соғыстан кейінгі зиян көрген халық шаруашылығын қалыпқа келтіруге жұмылдырылды.
2. 7 миллион, 27 миллион, 38 миллион. Соғыста қайтыс болған кеңес азаматтарының саны осылай өзгеріп отырған. Кеңес әскері жеңгеннен кейін соғыста қаза болған кеңес азаматтарының саны 7 миллион деген еді Иосиф Сталин. Алайда батыста бұл санның шындыққа жанаспайтынын бірден мәлімдеген. Сталин өлгенге дейін соғыста қаза болғандардың шынайы саны тексерілген де жоқ еді. Хрущев болса Ұлы Отан соғысында 20 миллионнан астам адам қаза болды деп мәлімдеді. Адам шығыны: 6,8 млн –әскерилер, 4,4 млн тұтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар. Соңғы жылдарға дейін соғыстағы КСРО халқының жалпы демографиялық шығыны қарапайым тұрғындармен қосқанда 26,6 млн. адам деп есептелген. Соңғы зерттеулер бойынша адам шығыны 27 миллион емес, 38 миллион. Игорь Ивлев есімді зерттеушінің дерегі бойынша соғыс жылдары кеңес халқы 38,5 млн адам өлген. Оның 20,58 млн-ны әскерилер.
3.Ұлы отан соғысында 80 мың офицер әйел адам болған екен. Жалпы соғыс жылдары 600 мыңнан 1 миллионға дейін нәзік жандылар қолына қару алып қан майданда ерлік көрсеткен. Алғаш рет Кеңес әскерінде әйел адамға арналған әскери киім пайда болды. Майданға өз еркімен аттанған қыздардан 3 авияциялық полк, 46-гвардиялық түнгі бомбардирлік, 125-гвардиялық бомбардрлік және 586- жойғыш полк құрылған.
4. 5 миллионов 691 мың литр арақ 1942 жылдың тек желтоқсан айында ішіліпті. Қорғаныс комитетінің құпия дерегі бойынша қызыл әскердің жеңген және жеңілген уақыттарда бірдей көлемде ішімдік ішкен екен. Мысалға, 1943 жыдың желтоқсан айында Қызыл әскер сарбаздары
5 млн. 665 мың литр арақ «пайдаланыпты».
5. 400 мыңға жуық соғыс ардагерлеріне медаль мен ордендер берілмеді. Соғыстан кейін 3 миллионға жуық марапат кешігіп берілді. Бұның себебі, медальдар мен ордендердің жетіспеушілігі болды. Медаль, ордендерді шығарып үлгермепті. Соғыстан кейін марапатқа лайық танылғанары іздестіру басталып, 1956 жылға дейін шамамен 1 миллион марапат беріліпті. Кейін марапатқа лайық ардагерлерді іздестіру тоқтатылды. Медальдар тек ардагерлер өздері келіп өтініш жазған кезде беріліп жүрді. Кейінгі 10 жылыдықтарда жарты миллионға жуық медальдар мен ордендер тағы берілді. Алайда өз иесін таппаған 400 медаль сол күйі қалды.
6. 400 адам «Матросов ерлігін» жасаған. Алғашқы болып өз кеудесімен жау пулеметін 1941 жылы 24 тамызда Александр Панкратов жапқан. Сөйтіп өз майдандастырын құтқарған. Ал атақты Александр Матросовқа дейін 58 адам дәл солай ерлік көрсетіпті.
7.Украинада 334 елді мекенді неміс нацистері өртеп жіберген. Фашисттер қолынан ең көп зардап шеккен аймақ Корюковка қаласы болды. 2 күн ішінде 1300 үйдің 1290-ны өртке оранып, қаланың 7 мың адамы өлтірілген.
8.Кеңес үкіметі неміс тұтқындарына әлдеқайда дұрыс күтім көрсеткен. Тіпті екі жақтың тұтқындарға берген тамағының құндылығынан байқауға болады. Неміс тұтқандырының тамағының құндылығы 2533 ккал болса, кеңес әскерінің тұтқындарына немістер берген тамақтың құндылығы 894.5 ккал ғана болыпты. Нәтижесінде, Вермахтың 2 миллион 400 мың сарбазынан тек 350 мың адам үйіне оралмапты.
9. Соғыс жылдары Кеңес Үкіметі территориясының 1710 қала, 70 мың ауыл, 32 мың өнеркәсіп орны, 98 мың колхоз, 1876 совхоз қиратылған. Мемлекеттік комиссияның дерегі бойынша материалдық шығын ұлттық байлықтың 30 %-ын құраған. Кеңес Үкіметінің көрген жалпы шығыны 2 трлн. 600 млрд рубльға бағаланған. Салыстыру үшін: Ағылшындар шығыны 0,8 пайыз, Францияның жалпы шығыны -1,5 пайызды құраса, ал АҚШ-та материалдық шығын мүлдем болмады.
10.Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 2005 жылы жарияланған дерек бойынша соғыста Кеңес әскерінің 4 559 000 адам тұтқынға түскен. Оның барлығы дерлік (4 380 000 адам) тірі қайтпады. Алайда, неміс құжаттары бойынша 1944 жылдың 1 мамырдың өзінде тұтқындалған кеңес сарбаздарының саны 5 160 000 адамға жеткен.
08 мамыр 2021 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 287

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930