» » Тарихи зердесіз халық тұл...

Тарихи зердесіз халық тұл...

Қармақшы ауданының жері талай-талай тарихи оқиғалардың куәгері болған шежірелі атажұрт, қасиетті мекен. Рухани мұра жыраулар өлкесі десек те, өндірістік жағынан зерттеуге тұратын орындар да жеткілікті. Соның бірі – Жосалы май зауыты. Бүгін осы зауыт тақырыбында сөз қозғамақпын.
Зауыттың өмірде болғанын архив құжаттары мен еңбек ардагерлері арқылы ғана жинақтадым. Жыл өткен сайын елімізде ардагерлердің де қатары азаюда. Ал кейінгі ұрпаққа осы бір шағын өндіріс орнының болғандығы беймәлім.
Жосалы май зауыты алғашында 1948 жылы аудан орталығы, Амангелді көшесінде жеке тұрғын үйдің негізінде ашылған. Онда бастапқыда құрал жабдықтар болмағандықтан жұмыс қолмен жүргізілген. Кейіннен май жасайтын құралдар алына бастаған. Сағатына 1 тонна сүт айыратын сепаратор да болған. Сүт шаруашылықтардан сүт күйінде, ал жекелерден күйдірілген май күйінде қабылданған.
Кейін сүт көлемі көбейіп, ескі зауыт тозығы жетіп, жаңа талапқа сай келмегендіктен сол кездегі зауыт директоры Айзахан Бижанованың және Қармақшы ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы Ахметжан Жанпейісовтің күш салуымен 1976 жылы жаңа зауыт салынған. Завод бұрынғы Красно-Армейская, осы кездегі Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында, Алматы сүт-ет өнеркәсібі министрлігі қарауындағы АСМНУ құрылыс отрядының негізінде, типтік жобада салынған. Өндірістік цехтан басқа да, су айдайтын станция, от жағатын цех, лаборатория жұмыс істеген. Зауыттың өндірістік қуаты күніне 12 тонна сүт өндіру болды. Сүт келісімен арнаулы лабораториялық тексеруден өткізілетін болған. Өйткені сүт зауытқа пісірілмей және арнаулы сүзгіден өткізілмей жеткізіледі. Келген сүттерді қағаз сүзгіден өткізіп, оның сорттылығы мен майлылығын айырып және мұздатып барып пісіруге жіберілген. Сонымен қатар қышқылдығы, тазалығы арнаулы аппараттардың тексеруінен өткізілген. Тексерілген сүттер облысқа және аудан орталығындағы балалар бақшасы мен сауда нүктелеріне жіберіліп отырылған. Зауытта 14 түрлі сүт өнімі өндірілді. Олар: сүт, сары май, қатық, айран, құрт, қаймақ, ірімшік, сүзбе, пастерленген сүт, тағы басқа өнімдер.
Сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде зауыт ұжымы социалистік жарыста, ауданның озат кәсіпорындарының бірі ретінде ауыспалы Қызыл туды 1990 жылы жеңіп алды және «Еңбек Даңқы» фотогаллериясына жазылды.
Зауыттың озат жұмысшысы Шарипа Дүйсенбаева социалистік жарыстың қорытындысы бойынша «облыс чемпионы» құрметті атағын жеңіп алды. Зауыт облыстағы үлкен кәсіпорынның біріне айналған.
Онда 30-35 кісі еңбек еткен. Өндірістік жоспарды 100-110 артығымен орындап, жаз айларында 18 тоннаға дейін сүт қабылдап отырған.
1994-1995 жылдары нарықтық кезеңге өтуге байланысты мал басы түгелге жуық жекеге көшуіне және шикізат болмауына байланысты зауыт жұмысы тоқтап жабылды.
Өткен тарих баршамызға мұра, ескерткіш. Өз тарихын білмеген ұрпақ мәңгүрт болып қалмақ. Сондықтан біздің міндетіміз – туған жер тарихын оқып, біліп, зерттеп, сақтап кейінгі ұрпаққа аманаттау деп білемін.

Баршагүл Сахиева,
аудандық тарихи-өлкетану
музей филиалының экскурсоводы
25 сәуір 2020 ж. 1 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031