КИЕ

       Айнала тылсым дүниеге толы. Түсініксіз сенбейтін, бірақ сендіретін құбылыстар жауапсыз қалуда. Соның бірі – кие. Кие атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қасиет. Киелі шөп адыраспан, киелі құс аққу, киелі аң ақбөкен деп киелілер тізбегі кете береді. Егер атадан келе жатқан киені ешкім ұстамаса, ол ұрпақтарын қайғылы жағдайға, ауруға ұрындыруы мүмкін. Бұл қандай күш, қандай құдірет? Жалпы кие деген не? Қасиет пе, әлде құндылық жасырылған тылсым ба?
      Ойда жоқта белгісіз ауруға шалдығып, науқасынан айыға алмай емші   аралағанда «арғы тегінде қасиет қонған аталарың болған екен, енді бата алып, емшілік жолға түспесе болмайды» дегеннен соң бата алып науқасынан құлан таза айыққандарды көз көріп жүр. Қасиет қонған адам дүниеден озып, артында жолын ешкім жалғастырмаса, онда оның киесі ұрпағының бірінен-біріне барып, әртүрлі қайғылы оқиға мен ауруға душар етіп жататыны тағы бар. Отбасы мүшелері қайғылы жағдайларға тап болғанда үйді бәле-жаладан тазарту үшін «адыраспанмен» аластайды. Түтінін тұтатқан соң-ақ үй ішінің жеңілденгенін сезінесің. Киелілік қасиет жануарларда да кездеседі. «Аққуды атпа, киесі тиеді» немесе «ақбөкенді өлтірме киесі қағады» деген ырым-тыйымдар күнделікті өмірде де айтылады. Десе де, біле тұра сол қадамға баратын адамдар да жоқ емес. Бала күнімізде осындай әңгімені әжемізден жиі естіп отыратын едік. Соның бірнешеуін газет бетіне ұсынбақпыз.
Аққудың киесі
      Ертеректе айрандай ұйыған отбасы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді. Жанашыр, бауырмал, бір-біріне қамқоршы он бір ағайынды бой жазып сергімекке далаға саяхатқа шығады. Кеш ойдағыдай көңілді, қызыққа толы болғанымен оларды алда не күтіп тұрғанынан бейхабар еді. Күн бата отырыс қыза түсіп, ішімдікке сылқия тойған бауырлар көлде жүрген аққуды атпаққа бел буады. Атады да. Атып қана қоймай етін бөлісіп жейді. Арада біраз уақыт өтеді. Сол уақыттарда бірлікке толы отбасына сызат түседі. Қалай? Ең алдымен үлкен ағалары дүниеден озады. Артынша келіншегі. Балалы болғандарының ұрпағы аурушаң немесе кейбірі қайтыс болады. Арттарынан дені сау ұрпақ өрбімейді. Иә, қасіреттің ең жаманы да осы – ұрпағыңның болмауы.
                                 Қарғыс па әлде кие ме?
      Осыдан бірнеше жыл бұрын өрімдей жас жігіт кәмелетке толмаған, кішкентай қызды алып қашады. Онымен қоймай зорлық көрсетеді. Балалық шақтың қызығына енді шомылып жүрген бойжеткен қорыққанынан дарға асылып қайтыс болады. Артында зар жылап ата-анасы қалады. Мүмкін солардың көз жасы, мүмкін қарғысы. Бәлкім киесі ме екен, кім білсін? Арада жылжып жылдар, сырғып айлар өтеді. Қылмысты жасаған жігіттің отбасында он  бала болатын. Оның үшеуі ұл, жетеуі қыз. Жастары жетіп үйленіп, шаңырақ көтереді.  Бірақ, бақыттары ұзаққа созылмайды. Себебі, екінші жартысымен шаңырақ көтеру бұйырмаған секілді. Бірінің әйелі жоқ болса, енді бірінің арқа сүйер күйеуі жоқ. Түгелдей екі жаққа ажырап кеткен. Онымен қоймай балалары да осы азапты бастан өткеруде.
Атадан балаға қонған қасиет
     Жаз мезгілі еді. Ол кездері ауылда жарық онша-мұнша көп бола бермейді. Білте шамның жарығымен сабақ оқитынбыз. Бір күні түн жарымда кітап оқып отырғанмын. Бірнеше минутқа көзім ілініп кетіпті. Оянсам бөлмеде майда-шүйде жарықтар күн нұрындай жарқырап тұр. Қабырғаның арғы бетінен ақ киген үлкен кісі өтіп, маған қарай келді. Басымды сипап «оқуыңды оқы, айналайын» – деп көзден ғайып болды. Кейін артымнан ерген сіңлілерім бірінен соң бірі ауыра бастады. Ең кенжесі басқаларынан өзгеше күйге түсті. Өзгере бастады. Түнімен ұйықтамай, шошынатынды шығарды. Қорыққанымыздан мешітке апарып, емшілерді араладық. Ақыр соңында бір емші «сендердің аталарыңда қасиет болған екен, сол қасиет біреуіңе қона алмай жүр. Қасиетті ұстау керек, сонда ғана ауырмайсыңдар» – деп шығарып салды. Уақыт өте келе сол қасиет кіші сіңліме қонды. Әлі күнге дейін сол қасиетті берік ұстап жүр. Егер ұстамаса қайтадан ауырып, жаны қиналады.
Түйін.
Иә, біз білмейтін, біз сенбейтін тылсым күштің бары айқын. Бірақ, қарама-қайшы пікірлер де аз емес. Жауабы жоқ сұрақтың, жауабы табылмасы анық. Сенгіміз келмейді-ау, бірақ естіп-көрген оқиғаларымыз ше? Ойдан шыққан қиял ма? Әлде, жауабы жоқ шексіздіктің тылсымы ма? Оған да жауап жоқ.
Айнұр ӘЛИ
15 мамыр 2018 ж. 12 047 1 828
Пікір қалдыру

Пікір 1 828

cheap pharmacy от 29 қараша 2022 21:58

usa online pharmacy от 30 қараша 2022 16:14

canadian pharmaceutical ordering от 5 желтоқсан 2022 02:27

cialis generic от 7 желтоқсан 2022 07:40

canadiandrugstore.com от 7 желтоқсан 2022 14:03

pharmacies canada от 7 желтоқсан 2022 15:01

ivermectin manufacturer от 8 желтоқсан 2022 07:18

canadian pharmacies top best от 10 желтоқсан 2022 13:25

list of canadian pharmacies online от 14 желтоқсан 2022 11:07

tadalafil 20mg от 14 желтоқсан 2022 23:22

tadalafil 20mg dosage от 21 желтоқсан 2022 18:14

canadian prescriptions от 22 желтоқсан 2022 00:49

tadalafil vs cialis от 22 желтоқсан 2022 02:23

generic pharmacy store от 31 желтоқсан 2022 09:16

top canadian online pharmacy от 2 қаңтар 2023 10:36

pharmacies online от 14 қаңтар 2023 20:51

medication online от 21 қаңтар 2023 21:02

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 162

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 142

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 293

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930