» » Ашуыңызды басқара аласыз ба?

Ашуыңызды басқара аласыз ба?

Ашуыңызды басқара аласыз ба?
Ашуланбайтын адам жоқ. Тек осы ашу-ызаны ауыздықтап, бақылауда ұстау екінің қолынан келе бермейді. Себебі ашуланғанда өзіңді ұмытып кететін сәттер болады. Ал жақын жаныңызды осындай сәтте ренжітіп алуыңыз да ғажап емес. Ендеше ашуды басудың амалдарын ескере жүріңіз.
Ең әуелі өзіңізге сұрақ қойып көріңіз. Соңғы рет қашан ашуландыңыз және сізді не ашуландырды? Қаншалықты жиі ашуланасыз, ал ол қанша уақытқа созылады? Ашу үстінде өзіңізді ашуландырған адамның намысына тиетін сөздер айтасыз ба? Қатыгездікке бармайсыз ба? Осы сұрақтарға іштей жауап қатыңыз. Сонымен қатар ашуыңызға көп тиетін адамдардың тізімін және жиі кездесетін жайттарды тізіп шығыңыз. Одан соң ашуланған кездегі іс-әркетіңізді де жазып кетіңіз. Соңында ашуыңыз басылып, өзіңізге келгеннен кейін өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызды да жазып қойыңыз. Бұл өзіңізді сырттай бақылау үшін қажет. Артынан өз жазбаңызды оқып, болмайтын дүниеге ашуланған екенмін деп айтуыңыз мүмкін.
Өзіңізді ұстай біліңіз. Ашу үстінде сіз өзгені тыңдамайсыз, өйткені ашу-ызаңыз өршеленіп тұр. Алайда бұл ең әуелі өзіңізді тыңдамай тұрғаныңыз болып есептеледі. Сондықтан өзіңізді қолға алып, қарсы жақтың уәжін тыңдап, үзіліс жасаңыз. Үзілісте ойыңызды қорытып, ақпаратты саралаңыз.
Қарсыластың намысына тимеңіз. Бұл мәселеңізді одан әрі ушықтырады. Яғни ашу-ызаңызды одан әрі тереңдете түседі. Себебі, қарсы жақ сөзіңізді асқан шыдамдылықпен тыңдай алмайды.
Үзіліс жасаңыз. Үзіліс жасауға, өз-өзіңізге келуге мүмкіндік беретін сәттерді қалт жібер­меңіз. Мысалы: «Мен қазір аса ашулымын. Бұл дауды доғар­ғанымыз дұрыс, кейін түсінісеміз», – деген сияқты сөз осындай үзіліске мүмкіндік береді.
Орынды сөз таба білу, қажетті дәлелдер келтіріп қарсы жақты сабыр­ға келтіре білу де ашу-ызаны басуға жәрдемдеседі, ұрыс-керістің ушығуына жол бермейді.
Ашу-ыза күйінің тереңдеуіне өзіңіз кінәлісіз, өзгені кінәламаңыз. Кейде түсінбестік жағдайдан шығу үшін қарсы жақтың өзінен жәрдем сұраған да көмектеседі. Яғни: «Босқа ренжіскенше, түсініскеніміз дұрыс», – деген сияқты ымыраға шақыру дұрыс болмақ.
09 сәуір 2018 ж. 11 316 919

canadian pharmacy reviews от 16 қараша 2025 15:56

AndresInola от 11 қаңтар 2026 22:36
universities around dallas https://site347139361.fo.team student one card

cheap pharmacy от 13 ақпан 2026 12:26

discount prescription drugs от 21 ақпан 2026 02:13

real canadian pharmacy от 26 ақпан 2026 01:39

cost prescription drugs от 7 наурыз 2026 21:13

legitimate mexican pharmacy online от 11 наурыз 2026 04:11

trust online pharmacy от 22 наурыз 2026 01:38

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 696
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 446

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031