» » Гүл туралы қызықты фактілер

Гүл туралы қызықты фактілер


Әрбір гүл, тіптен ең кішкентай және қарапайым гүлдің өзі — табиғаттың таңғажайып жұмбағы. Гүлдерге сүйсіне қарап, ерекше сезімде боламыз. Ендеше, таңғажайып гүлдер әлеміне саяхат жасап, гүлдер туралы қызықты фактілермен таныс болайық.
 Өткен ғасырда адамдар гүл сыйлау арқылы өзінің кез келген сезімін білдіретін гүлдер тілі болған. Гүлдеген шие ағашының бұтағын сыйлау арқылы махаббатын білдірсе, сыйланған сүмбігүл (гиацинт) саны арқылы кездесу күнін белгілейтін болған. Сол кездің серілері ғашықтарына ақ раушан гүлін сыйлау арқылы ұсыныс жасап, одан келісім ретінде үміттене дәстүргүлді (маргаритка) күтетін болған. 

 Сүйкімді кішкентай ботакөз (незабудка) гүлі әлемнің көп тілінде бір мағынаны білдіреді екен. Мысалы, ағылшынша forget-me-not, немісше Vergissmeinnicht деп аталады. Алайда бір мағыналы атауға қарамастан, әр елде бұл гүлдің өз аңызы бар. Аңыздың бірі бойынша, Құдай әлемдегі кішкентай гүлден басқа гүлдердің барлығына атау беріп, кішкентай гүлге былай депті: "Ұмытпа мені!". "Осы сенің атың болады". 

 Әлемдегі ең үлкен гүл — Раффлезия Арнольд. Оның салмағы 11 кг және диаметрі 91 см. Ол Индонезиядағы Суматра аралында өсіп жатыр. Ең кішкентай гүл Ряски Вольфияның әр түрі бар. Оның ұзындығы 1 мм, ал ені 0,5 мм. Ең биік гүл (шамамен 3 метр) — Аморфофаллус Титанум. Ең қымбат гүл Алтын Орхидеяның бағасы шамамен 5000 $ тұрады. Ол алғаш рет 15 жылда гүлдеген, Малайзиядағы Кинабалу тауында өседі. 

 1720 жылы Карл Линней гүлдердің "уақытпен бейімделу" қасиетін пайдаланып, швейцарияның бір шағын қаласында тұңғыш гүлді сағат ойлап тапты. Бұл ерекше сағаттың циферблаты (сағаттың цифрлы беті) бірнеше бөлімнен тұрды. Әр бөлімде гүлдің нақты бір түрі өседі. Мұндай сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауға болатын. Гүлді сағаттың бір кемшілігі бұлтсыз шуақ күнде ғана жұмыс істейді.

 Атақты сібірлік микроминиатюршы Анатолий Коненко ең ерекше жинақ ойлап тапты. Оның жинағы раушан гүл күлтесінен дайындалып, өлшемі 30*32 миллиметр болды. Жинақ әйгілі орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен құралды. Ол оны өзінің әйеліне сыйлады.

04 мамыр 2019 ж. 3 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031