» » ТҮЛКІ ТЫМАҚ

ТҮЛКІ ТЫМАҚ

Ұмытпасам 4-5-сыныпта оқимын. Әке-шешеміз қойшы ауылда. Бізге анда-санда ғана соғады. Малшының да үнемі уақыты қайдан болсын?! Таңның атысы, күннің батысы күйбің тірлік те.
Сабағым түсте бітеді. Күз кезі. Үйге асығып жеттім. Дарбазаға жақындай  бере жартылай ашық қалған есіктен түлкінің құйрық жүнін көріп қалдым. Қорыққанымнан  кері қайтып, үйге  қайта кіруге батылым жетпеді. Біраздан соң көшеден өтіп бара жатқан апайға өтініш етіп, жағдайымды айттым. 
Ол да маған күле қарап, «қайдағы түлкіні айтып тұрсың» дегендей, қолымнан ұстап дарбазаға қарай жетектеді.
Екі көзім есікте. Ар жағынан атып шығып, түлкі маған бас салардай. Қасымдағы кісіге сеніп, батылсынып қоям. Манағы түлкі әлі сол орнында қозғалмаған.
– Әні, айттым ғой, түлкінің өзі, – деп тағы да бой бермедім. Сөйтіп тұрғанымда апай екеуміз қатарласа ішке ендік. Кіре бере апайым ішегі түйілгенше күлді. Ал, мен болсам, «ойбуй, мынау түлкі емес, түлкі тымақ қой» деп есік тұтқасына ілініп тұрған түлкі тымақты зорға дегенде бауынан шешіп алдым.
Ар жақтан кішкентай баланың дауысы шықты. Артынан анамның мейірлене шыққан дауысы естілді. Екеуін құшақтап, әбден сағынышымды бастым. Сөйтсем, түлкі тымақ ауылдан келген сіңілімдікі болып шықты. Ойнап жүріп есікке ілген.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
30 сәуір 2019 ж. 4 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930