Мицеллярлы суды күнде қолдануға бола ма?
Бастапқыда ғалымдар мицелласы бар ерітінділерді қышымасы (экзема) және теңге қотыры (псориаз) бар балаларға арнап ойлап тапты. Содан соң өндірушілер оның құрамын ары қарай өңдеп, одан жуынуға арналған косметикалық құрал шығарды. Мицеллярлы суды қолдану жайлы кей сұрақтарға жауап іздейміз.
Мицелла деген не?
Ол – гидрофильді және су жұқпайтын (гидрофобты) қасиеттері бар микробөлшектер: біріншісі суды тартады, ал екіншісі суды шығарып жібереді. Құралдың ерекшелігі де осыған байланысты: бөлшектер бір уақытта кірді кетіреді, бірақ теріні құрғатпайды.
Бетті қарапайым судың өзімен ғана жууға болмай ма?
Ол кезде бетке безеу шығып кетуі мүмкін. Майды тек арнайы құралдар ғана кетіре алады. Сыртқы кір мен шаң-тозаңды қарапайым судың өзі кетіре алмайды.
Мицеллярлы сумен көздегі макияжды сүртуге бола ма?
Иә, себебі ол көзді ашытпайды және қызартпайды.
Мицеллярлы суды күнде қолдануға бола ма?
Иә, себебі мицеллалар терінің липидті кедергісін жоймайды. Бұл құралдың құрамында спирт те, сабын да жоқ. Ол 95% судан, 5% қосымшалардан (мицеллалар, өсімдіктер сығындысы, минералдар және хош иістендіргіштер) тұрады.
Мицеллярлы су жуынуға арналған гельден жақсырақ па?
Жоқ, жақсы да, нашар да емес. Олардың бір-бірінен тек 2 айырмашылығы бар:
1. Гельді міндетті түрде сумен шаю керек: оның құрамында сілті бар. Миццелярлы суды да шаю керек, бірақ одан кейін бетіңізді сумен жумасаңыз, ештеңе етпейді. Сондықтан оны жолда қолдану ыңғайлы.
2. Мицеллярлы су аллергияға бейім теріге көбірек келеді. Бұл ерітінді бұрыннан өте сезімтал және құрғақ терісі бар адамдарға арнап шығарылып келеді.
Бұл өнімнің қандай кемшіліктері бар?
- Оның кей түрінен соң теріде жабысқақ қабықша түзіледі. Ол тек жағымсыз әсер бергені болмаса, теріге зиян емес.
- Кей мицеллярлы сулар теріні құрғатады. Ол ерітіндідегі мицелланың үйлесімсіздігінен немесе қандай да бір қосымшаның сіздің теріңізге жақпауынан болуы мүмкін. Сондықтан басқа марканың мицеллярлы суын пайдаланып көріңіз.
Мицеллярлы суды қалай таңдау керек?
Ол мицелланың құрамына байланысты:
- Лаурилглюкозидтер мен кокоглюкозидтер
– қанты және кокос майы бар компоненттер. Олар көбірек майлы теріге келеді. - Полоксамерлер –синтетикалық заттар. Олар құрғақ әрі сезімтал теріге жақсы келеді. - Полиэтиленгликольді терісі безеудің шығуға және майлануға бейім емес адамдар таңдағаны жөн. Бірақ құрамында бұл зат бар мицеллярлы суды тек макияж сүртуге ғана қолдану керек.