» » Оптимизмді қайдан аламыз? Жабырқап жүргендерге 6 кеңес

Оптимизмді қайдан аламыз? Жабырқап жүргендерге 6 кеңес


Қоршаған ортада адамдарға түрлі эмоция сыйлайды. Қиындықтарды жеңіп, мақсатқа жету үшін оптимизмді қайдан алуға болады? Өмірге деген құштарлықты арттыру үшін не істеу керек? Төңірегімізде жан ауруының сан алуан емі бар, өзіміз мән бермейді екенбіз.


Оптимизмді қайдан аламыз?

Судан

Оптимист болу үшін қолды жиі жуу керек. Сенбейсіз бе? Жақында Кельн университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, оптимист адамға тән ерекшеліктерді анықтады. Social Psychological and Personality Science журналында жарық көрген зерттеуде қолды жиі жуу зиянды бактериялардан ғана емес, кеселді ойдан арылуға да көмектеседі делінген.

Қол жуу


Жалпы, судың адам психологиясына әсері көп. Судың жағасында тынығу, шомылу, жиі жуыну, көп мөлшерде су ішу адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Сондықтан өмірден түңілген сәтте су процедураларының көмегіне жиі жүгінген абзал.

Демалыстан

Жүктеменің көп болуы, шешімін таппайтын мәселелер, жұмыстағы немесе отбасындағы келіспеушіліктер – өмірден түңілуге себеп болатын негізгі факторлар. Олардан шаршап кеткен кезде адамның ағзасы ғана емес, санасы да демалысты қажет етеді. Сондықтан өмірден түңіліп жүрген адамдарға шұғыл түрде демалу қажет.
Оңаша қалып, ұйқыны қандыру, дұрыс тамақтану, жағымсыз ойлардан арылу – күйзелістен жылдам құтылуға көмектесетін әдіс-тәсілдер. Күйзелістен шығу үшін міндетті түрде шетелге барып демалудың қажеті жоқ. Демалыс сіздің жан-дүниеңізде қалыптасуы керек.

Демалу

Демалыс кезінде телефон, теледидар сияқты электроникадан алшақ болу жылдам нәтиже береді.

Сүйікті ісімізден

Сіз нені жақсы көресіз? Тамақ пісіруді ме? Мүмкін, доп ойнағанды ұнататын шығарсыз? Олай болса, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Көбінесе адамдардың өмірден баз кешуі өзіне ұнамайтын нәрселерді істеуге мәжбүрлеуден болады.
Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргісі келеді. Оның көңілкөншітерлік болғанын қалайды. Олай болмаған кезде өмірден түңіліп, өзін қолынан ешнәрсе келмейтін адам сезінеді.

Тамақ дайындау


Әрбір атқарған шаруаңыз үшін өз-өзіңізді мақтап, күніне 1-2 сағатты қолыңыздан келетін сүйікті ісіңізге арнаңыз. Жақсы нәтиже үшін өзіңізді шабыттандырып қоюды, тіпті сыйақы беруді де ұмытпаңыз.

Кітаптан

“Жақсы кітап – жан азығы”. Кітап оқу арқылы өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуге болады. Ол үшін оқитын кітапты дұрыс таңдай білу керек.

Кітап оқу

Қазір кез келген кітап дүкеніне барсаңыз, “Мотивация” және “Психология” деген бөлімдегі кітап сөресінен түрлі кітапты кездестіруге болады. Өзіңе қажет бір кітапты табу үшін 10 кітап оқуға тура келетін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан, өмірге деген құлшынысыңызды арттыратын кітапты табу үшін кітапсүйер достарыңыздың ақылына құлақ асуға немесе алдымен кітап туралы пікірлерді оқып алуға кеңес береміз.

Жақсы адамдардан

Аурасы жағымды, энергиясы көп, оптимистік көзқарастағы адаммен кездесу, онымен әңгімелесу өмірден түңілгендерді шабыттандырады. “Жақсыменен өткізген жарты сағат – жаманның өтіп кеткен ғұмырындай”.
Туған-туыстарымен, әріптестерімен, достарымен жақсы қарым-қатынастағы адамның күйзеліске түсуі сирек кездеседі. Егер ортаңыз көңіліңізден шықпаса, қызығушылығы ортақ адамдар табу үшін түрлі үйірмеге қатысуға болады.

Әңгімелесу

Қазір психологиялық тренингтер мен семинарлар көп ұйымдастырылады. Бұл да – өмірден түңілген адамдарға оптимистік көзқарас қалыптастыру үшін таптырмас көмек.

Кинодан

Фильмдердің желісі өмірден алынады. Демек, кез келген мәселенің шешімін де кинодан табуға болады.


Кинотеатр

Адамдарға өмірдің мәнін түсіндіру үшін арнайы түсірілген мотивациялық фильмдер де бар. Интернеттен мұндай жанрдағы фильмдер тізімін оңай тауып алуға болады.

Ал сіздің ойыңызша оптимизмді қайдан алуға болады?


baribar.kz

22 ақпан 2019 ж. 1 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031