» » Гемоглобиннің ағза үшін қандай пайдасы бар?

Гемоглобиннің ағза үшін қандай пайдасы бар?

Гемоглобин — эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің құрамына кіреді. Гемоглобин ақуыздар мен темірден түрады және осы ақуыздар мен темір қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық тканьдерін оттегімен қамтамасыз етеді. Ол ағзаның индекаторы болып табылады. Осындай ағза үшін маңызды рөл атқаратын гемоглобин жайында толық ақпарат легін ұсынамыз.

Гемоглобинді қалай өлшейді?
Гемоглобин деңгейін қанның сараптамасы арқылы анықтайды. Қанды тамырдан немесе саусақтың ұшынан алып, зертханаға жібереді. Гемоглобиннің сараптамасы арқылы көптеген аурулар анықталады. Клиникалық сараптамада жалпы гемоглобин арқылы қаназдықты анықтайды. Қант диабетін анықтау үшін, биохимиялық сараптаманың құрамына кіретін глюкозалы гемоглобинді қолданады.

Гемоглобин жоғары болса...
Спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскен кезде гемоглобин көтеріліп кетеді. Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан да гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Экологиясы нашар аймақта көп жүргеннен де көтеріледі. Сонымен қатар темекіні көп шегетін адамдарда да гемоглобин көтеріңкі болады.

Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен қатар жүрек, өкпе жетімсіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы эритроцитоз бен қанның қоюлануында байқалады. Көптеген дәрумендердің құрамында фолий қышқылы, қанның құрамындағы темірді көтеретін В тобындағы дәрумендер болатындықтан, гемоглобин көтерілгенде дәрігердің кеңесінсіз ешқандай дәрумендер ішуге болмайды. Оны қалпына келтіру үшін дәрігер қанның ұйығыштығын жақсартып, қанды сұйылтатын дәрілер жазып беруі мүмкін.

Гемоглобин төмендесе...
Эритроциттерді жасап шығаратын заттардың жетіспеуінен гемоглобин төмендейді. Гемоглобиннің төмендеуі қаназдықтың ұлғаюына себеп болады. Гемоглобині төмендеген адам тез шаршап, бозарып, терісі құрғайды. Үнемі басы ауырып, шашы түсе бастайды, ұйқысыздық пайда болады. Адам ағзасына В дәрумені мен фоли қышқылының жетіспеуі гемоглобиннің темендеуіне әсер етеді. Гемоглобиннің төмен болуы көптеген аурулардың белгісін білдіреді. Темір мен басқада қоректі заттардың қажеттілігінің ұлғаюына байланысты жүкті әйелдерде гемоглобин төмендеп кетеді.

Гемоглобинді көтеру үшін:
Гемоглобинді көтеруге арналған дәрілерді тек дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Оларға құрамында темірі бар дәрілер жатады. Құрамында гемоглобинді көтеретін заттары бар тағамдар балалардың гемоглобинін көтеретін бірден бір дәрілік зат болып табылады. Темір мен дәрумендердің жетіспеуі баланың ақыл ойының дамуына кері әсер етеді. Гемоглобині төмен балалардың түрі солыңқы болады, сабақ үлгерімі нашарлайды, физикалық белсендігі төмендейді. Гемоглобинді көтеретін тағамдарға мыналарға жатады: сиырдың бауыры, қарақұмық ботқасы, жасыл түсті жемістер, анар, алма, шабдалы, нан. Олардан өзге құрамында кальциі бар тағамдарды да қолданған дұрыс. Сүт өнімдерін аз тұтыну керек немесе тоқтата тұрған дұрыс.
Темірдің сіңуін бәсеңдететін болғандықтан, гемоглобині төмен адамдарға кофе, шай ішуге болмайды. Ал аскорбин қышқылы (С дәрумені) қандағы ақуыздың көтерілуіне жақсы әсер етеді. Сондықтан апельсин немесе қызанақ шырынын ішіңіз және балғын лимон шырыны мен орамжапырақ, тәтті бұрыш, пияз бен көк-сөктерді күнделікті ас мәзіріне қоссаңыз дұрыс.

Халық емі бойынша...
1. Тазартылған 1 стақан грек жаңғағы мен 1 стақан шикі қарақұмықты кофетартқышпен ұнтақтап, күнде 1-2 ас қасықтан қолдану керек.
2. 1 стақан қарақұмықты тазалап жуып, 1 стақан айран құйып, 12 сағат тұндырып, қажетінше қолдануға болады.
3. Мейізді, жаңғақты, кептірілген өрікті ұсақтап турап, балмен араластырып, күнде бирнеше ас қасықтан жеп тұру керек. Бұл тек гемоглобинді көтеріп қоймайды, сонымен қатар ағзаңызды басқа минералды заттармен толтыруға септігін тигізеді.

Гемоглобинді түсіру үшін:
Гемоглобинді түсіру үшін түрлі ботқалар мен жеміс-жидектерді шикідей немесе бұқтырып жеу керек. Тамақпен бірге балғын салаттарды да қолдануға болады. Қызыл түсті жеміс-жидектер гемоглобинді көтеретін болғандықтан, оларды гемоглобині жоғары адамға жеуге болмайды. Гемоглобинді түсірудің тағы бір халық емі – сүлікті қолдану болып табылады. Сүлік ерте кезден түрлі ауруларға ем. Сонымен қатар сүлік қан құрамын реттеп, гемоглобинді қалпына келтіреді. Сонымен қатар шынығып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

10 ақпан 2019 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031