» » БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида

БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида


Шаршау, бойкүйездік, жалқаулық, ұйқысыздық, тершеңдік, денеден және ауыздан шығатын жағымсыз иіс... Мұндай жайсыздықтан бауырды тазарту арқылы құтыласыз.
Сізді таңертең ұйқыдан сергек ояну, үнемі шаршау, бас ауру, ішектің дұрыс жұмыс істемеуі мазалап жүрсе немесе тершеңдік пен аузыңыздан шығып жатқан жағымсыз иіс мезі етсе, әйтпесе тіліңіздегі дақ, артық салмақ, күйзеліс пен ашушаңдық қажытса, онда ағзаңыздың ең қажетті мүшесін тазартыңыз. Бауырды тазарту арқылы бүкіл ағзаңызды жуып, зат алмасуды жақсартасыз. Дәрігерлер бауырды тазарту үшін бірнеше дәрілерді ұсынады. Асылында бауырды үй жағдайында да «жаңа» қалпына келтіруге болады. Ол үшін мына 5 қағиданы қатаң сақтаңыз:

Таңертең ашқарынға клизма жасау;
Көбірек су ішу;
Дұрыс тамақтану;
Тәттілерді шектеу;
Ем кезінде бойыңызды жылы ұстау.

Маймен жуамыз

Майсана (кастор) майы – іш жүргізу үшін кеңінен қолданылады. Одан басқа суыққа қарсы дәрі, антиоксидант және тазартушы құрал ретінде де атқаратын қызметі орасан. Әсіресе бауырды жап-жаңа қалпына келтіруге таптырмайтын әдіс. Емді жүргізуге 3 күн уақыт жетеді. Ем кезінде:
* алма мен алма шырынынан басқа тағамды ұмытасыз;
* күніне кем дегенде 2 литр газсыз су ішесіз;
* кешке 50 гр. коньяк ішесіз;
* 30 минуттан соң 50 гр.
майсана майын ішесіз. Осы уақыттан соң шамамен 30 минутта ішіңіз жүріп, дәретхананы қажет етесіз. Емді әр 2 ай сайын жүргізіп отыру керек.
Асқабақ майы – ферментке өте бай. Ол тамақтың тез қорытылуына ықпал етеді әрі ішектің жұмысын жеңілдетеді. Ол үшін күнде таңеретң ашқарынға 1 ас қасық асқабақ майын ішесіз. Емделу мерзімі – 1 ай. Тағы 30 күн үзіліс жасап, емді қайта жүргізесіз. Ескеріңіз! Ем кезінде мейлінше асқабақтан дайындалған тағамдарды тұтыныңыз.
Қара зире майы – бактерияға қарсы құрал. Бауырды тазалау үшін бірдей көлемде балмен араластырып ішке қабылдайсыз. Емдік майды ашқарынға 1 ас қасықтан ішу керек. Емделу ұзақтығы – 3 күн. Ескертеміз. Қара зире майын тері ауруларында, жүкті аналарға, қан қысымы тұрақсыз науқастарға қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.

Таза балмен тазартамыз

Бұл ем түрі аллергиямен және диабетпен ауырмайтындарға арналған.
1. Бауырды тазартуды бал қосылған су ішумен бастаймыз. Ол үшін 1 стақан жылы суға 1 шай қасық бал араластырып ашқарынға ішесіз. Бұл әдісті күнделікті әдетке айналдырсаңыз, барлық ағзаңыздың жұмысын жақсартатыныңызға сеніңіз.
2. Бауырды тазарту үшін бір күнде 150 гр. таза табиғи бал жеу керек. Мөлшерленген балды 4-ке бөлесіз.
3 бөлігін әр тамақтан соң қабылдайсыз. Ал 1 бөлігін ұйқыға жатар алдында жейсіз.

Қызылша қайнатпасының пайдасы мол

2,5-3 литр салқын суға тазалап жуылған 2-3 дана қабығы ашылмаған қызылшаны салып қайнатасыз. Шамамен 2 сағаттай қайнаған соң көкөністі сүзіп алыңыз. Бұл кезде кастрөлдегі судың көлемі 1 литрдей ғана қалу керек. Қызылша салқындаған кезде қабығынан тазартып, майда үккіштен өткізесіз. Сөйтіп үгілген қызылшаны жаңағы ыдыстағы суға салып, тағы да 20 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны қабатталған дәкемен немесе сүзгімен сүзіп аласыз. Дайын болған емдік тұнбаны әр 4 сағат сайын 4 рет ішесіз. Әр ем кезінде жарты сағаттай ыстық жылытқышты бауырыңызға қойып жатыңыз.

Мейіз де керемет көмектеседі

Ол үшін бір уыс мейізді салқын суға жуып, ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құясыз. Таңертең тұнбасын ішіп, таңғы асқа жидітілген мейізді жеңіз. Сосын 1 сағаттай ыстық жылытқышқы бауырыңызға қойып жатыңыз. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, күтпеген нәтижеге қол жеткізесіз.
2. 100 гр. құрғақ мейізді ем ретінде қолданасыз. Әр тамақтан соң шамамен 2 сағаттан кейін мейіз жеуді әдетке айналдырыңыз. Осылайша 10 күн үзбей жесеңіз, бауырыңыз тазарады, теріңіз жасарады әрі бойыңызға сергектік сыйлайды.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА,
ERNUR.KZ.


09 ақпан 2019 ж. 1 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031