» » Әлемдегі ең кішкентай балықтар

Әлемдегі ең кішкентай балықтар

Әлемге зер салып қарасаң, таңғаларлық нәрсе тым көп. Көз көріп, құлақ естігеннен бөлек адамзат баласы құпиясын аша алмай келе жатқан әлі қаншама дүние бар... Соның бірі мұхиттың түбі мен атауы жоқ балықтар. Мұхиттың түбін бағындыру әлі ешбір мемлекеттің қолынан келер емес. Оның астындағы жоғары қысым мен көз көрмес тұңғиығы қаншама сырды сақтап жатқандығы беймәлім. Қарасаң көз тоймайтын мөлдір судың ішінде сан мыңдаған балықтар мен жәндіктер тіршілік кешеді. Осы уақытқа дейін олардың әлі де болса жаңа түрлері кезігіп, атауын алып үлгерген. Мұнда алып киттен бастып, майда шабаққа дейін өз қорегін тауып, ұрпақ жалғастырып, өмір сүріп келеді. Бүгінгі біздің назарларыңызға ұсынар жаңалығымыз, әлемдегі ең кішкентай балықтардың түрлері. 

Кәсіптік жағдайдағы ең кішкентай балықтың атауы – синарапан. Филиппин аралының Лусон жағалауында өмір сүретін балықтың бұл түрін көптеген аквариумдерден көрген де боларсыз. Себебі, ұзындығы 13 миллиметрден аспайтын синарапанды қолға ұстаушылар жетерлік. Соның нәтижесінде бүгінде балықтың бұл түрі құрдымға кетудің  аз-ақ алдында тұр. Ал, әлемдегі ең кішкентай балықтың аты – Панданка. Ең кішкентай балықтың ұзындығы 7-9 миллимертді құрайды. Тұщы суда мекендейтін панданка Үнді мұхиты, Индонезия, Суматра аралын мекендейді.

10 қаңтар 2019 ж. 2 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 594
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930