» » АЙНАЛДЫМ

АЙНАЛДЫМ


Айда жалғыз,
Cенде жалғыз неліктен. 
Сол күйіңмен
мендік жайға серікп(е) ең
Маған ғашық жүрегіңнен айналдым,
Шын ұнатып шын түсініп еліткен.
Шын сүйгеннің сезіп білер тұсы бар,
Мендік ойды өз жадыға қосып ал.
Рас болса маған айтқан сөздерің
Ақ жүрегің айтшы неден тосылар.

Бақыт ұсын,
Бақыт құсым тарылма,
Сезіміңнің шарықтаған шағында.
Мені күткен көздеріңнен айналдым,
Мөлдіреген қарасында ағында.
Уақытқа берме күнім есеңді,
Маңдайыңның бағы білем бес елі.
Сезіміңді айта алмайсың түсінем,
Қыз тағдыры неткен қиын десеңші.

Сағындырма
тарықтырма өтінем,
Кешіктірме сезіміңді көшінен.
Күлімдеген ақ жүзіңнен айналдым,
Жымиғанда адастырған есімнен.
Бақытыңа бұрын жетіп, құрықта,
Сылтау таппа кедергімен сыныққа.
Сезіміңнің мөлдір тек ластама,
Ғашық болғам менде сендік тұныққа.

Ғалымжан МЫҢЖАСАР.

20 желтоқсан 2018 ж. 1 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 055
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 657

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031