» » Миллионер жұлдызнамасы

Миллионер жұлдызнамасы


Барлығымыз да ақшаны жақсы көреміз, ал ақша бізді жақсы көре ме?!
Неліктен әлдекімдердің қолына көп ақша үйір,  ал енді біреулері жалақыдан-жалақыға дейін тіленіп күн кешеді?
Бұған жауап әрине жоқ, нұсқаулықтар да шамалы. Көптеген астрологтар қандай да бір белгіде ақша қырының бар-жоғы туралы түрлі ойларын айтады. Кез келген жұлдызнама белгісі өз мақсатына жете алады, бұған жету әдістері мен жолдары да әр түрлі болуы мүмкін. Алайда ақшаға деген қарым-қатынас әр белгіде өзінше үйлесім табатыны шындық.

Тоқты (21.03. – 20.04.)

Тоқтылар қаржылық жарыстардағы жеңімпаз емес, өйткені олар қомақты қаржылық жұмсаулардан қалыс қала алмайды. Бұл жұлдызнама өкілдері айналасындағыларды қарқ қылып жүрудің шеберлері. Дүкен аралауды сүйетіндері де тоқтылардың арасында көптеп кездеседі. Тіпті кішігірім дүкеннен де ештеңе сатып алмай шығу оларға тән дүние емес.
Тоқтылар өмірдің қаржылық бағытында ештеңені түсінбейді деп айтуға келмес. Олар бәрін де түсінеді, бәрін де ұғады, қаржыны көбейту тұрғысында да олардың нақты жоспарлары бар. Алайда қағаз ақшаның қасында бір күн жүрудің өзі тоқтылар үшін күш екені анық, бәрін жойып, қап түбін тауысқанша жаны тыныштық таппайды. 
Егер сіз дүкенге кіргенде әмияныңыздағы ақшаға тиіспей шығатын тоқтылардың қатарынан болсаңыз, қуана беріңіз. Демек сіз жұлдызнама белгісінің ырқына көнбей, тұлға ретінде өзіңізді өзіңіз тәрбиелей алғаныңыз.
Тоқтыларға қандай кеңес беруге болады? Ақшаға келгенде өзіңіз қожайын болыңыз. Дүкенге бармас бұрын, қажетті заттардың тізімін жасап алыңыз, бұл сізге тек сол заттарды алуға мүмкіндік береді. Егер бұл қиын соқса, дүкенге жабылуына он минут қалғанда бас сұғатын болыңыз, бұл аса қажетті ғана заттарды сатып алуыңызға мүмкіндік береді. Бар болғаны сөрелерде тұралап қалмаңыз.
Кеңес: пластикалық карталарды пайдалануды шектеңіз. Достарыңыздың арасында шаян не балықтар болса, дүкен аралағанда ерте шығыңыз. Олар сізді орынсыз сатып алулардан сақтап, пікірін айтып, көндіріп, ақшаңызды сақтап қалуға көмектеседі.  

Торпақ (21.04. – 21.05.)

Торпақтарды көпшілік астрологтар ақшалы жұлызнама белгісіне жатқызады. Алайда бұл көп жағдайда олай емес. Торпақтар отандық және шетелдік миллионерлер тізімінде көш бастап тұрған жоқ. Ал ақшаны жақсы көретіні белгілі жайт. Тоқтылар секілді, олардың ішінде де ақшаны жақсы көретіндері, дүкен аралауды ұнататындары баршылық. Алайда оларға өз қаржылық жағдайын маңдай термен жақсартуға мүмкіндік туатыны анық. Өмірінің соңына қарай бұлар өз жағдайын жақсартып, түзеп алатыны да шындық. Жауапкершілігі мен жоғары деңгейлі кәсіби маман атануға қабілеттілігінің арқасында өз ұжымының арасында мәртебесі жоғарылап, қаржылық жағдайының шешілуіне де түрткі болады. Орта буынның мінсіз менеджерлері дәл осы тоқтылардан шығады.
Алайда жайбасарлық көптеген торпақтардың зейнет жасына дейін мансабын ойдағыдай атқара алмауына кедергі келтіреді. Егер адам 200 жыл өмір сүретін болса, көшбасшылардың, ұйымдастырушылардың 90 пайызы, сөз жоқ, торпақтар болар еді. Бір сөзбен айтқанда, Торпақтар, бәрі де өз қолдарыңызда!
Тоорпақтар жақсы табыс табуға құлшынысы жоғары, қымбат әрі әдемі заттарды , үйлерді ұнатады, осы қырымен өзге жұлдызнама белгілерінен ерекшеленеді.
Торпақтарға әлемге әр түрлі көзқараспен қарауға, әлемді тану өрісін кеңейтуге кеңес беріледі. Жай ғана табыс таба бермей, өзінің ой-танымын да кеңейтіп отырғандары дұрыс.  


Егіздер (22.05. – 21.06.)

Екі типі бар. Бірі - жақсы табыс таба білетін тұлғалар. Екіншісі -  «басы шашылып жүретіндей, ақшаларын да оңды-солды шашқыш жандар. Кез келген жобаны бастайды да, аяқсыз қалдырады. Өзінің ақшасын дұрыс жұмсай алмайды, нәтижесінде өзгеден қарыз алып, соңында кімнен қанша алғанын да ұмытып қалады. Ақшаға немқұрайлы қарайды, өмірге де. Достары мен жақындарын миллион табуға үміттендіретін жобаларды айтып, басын ауыртқанды ұнатады. Бірақ бірден бірнеше жерде жұмыс жасай алуға қабілетті жандар. Бұл белгінің жүз пайыздық сипаттамасы – Фигаро.  
Ақшаны шашуға келгенде, олармен ешкім де теңесе алмайды. Тіпті тоқтылар да шаңына ілесе алмай қалады.
Бірақ, ақшаны табу көзін де біледі. Сауда мен делдалдық қызметін жақсы атқара біледі. Сатып алушыны көндіруге келгенде алдына жан салмайды, шеберлігі де жоқ емес. Тез ақша тауып, тез жұмсағанды ұнатады. Өйткені ұзақ уақыт бір жерде жұмыс істегенді жаны сүймейді. Үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу үстінде жүреді.
Кеңес: бір істі аяқсыз қалдырудан аулақ болыңыз. Жұмыс орнын жиі ауыстырғанды ұмытыңыз, жаныңызға жайлы жұмыс түріне тоқтаңыз. Өзіңіздің зияткерлік әлеуетіңізді жеңіл жолмен ақша табуға емес, өзіңізді дамытуға жұмсаңыз.

Шаян (22.06. – 22.07.)

Шаяндармен барлығы түсінікті жайт. Қаржылық жарыстың фавориттері тәрізді. Әлемге танымал миллионерлердің шаян жұлдызнамасынан шыққаны сирек болар, ал алайда көпшілігінің жағдайлары, тұрмысы әрқашан оңды келеді.
Шаяндар ақшаға ерекше құрметпен қарайды, есесіне ақша да оларды жақсы көреді. Егер айналаңызда қаржылық жағдайы төмен шаян болса, бұл уақытша дей беріңіз. Олар бала кезден ақша жинауға шебер. Олар жұмыс жасаудан гөрі ақшаның айналасында жүріп, қағаз ақшаларды санағанды, ақша табу жолдарын үйренгенді қалап тұрады. Тіпті кішкентай шаян сауда-саттықтан қайтарылған тиын-тебенді санап, дұрыс болмаса ұялмай сұрай біледі. Ал үлкендерін ақша тұрғысында алдау, сірә, мүмкін емес.  
Шаяндар үшін қаржы түйткілді проблемаларды шешудің жолдары болып табылатыны да ақиқат. Жинаған қаржысы болмаса, олардың тыныш ұйықтауы мүмкін емес, дәл солар ғана ақшаға психологиялық сүйеу мен тыныштық береді.
Шаяндардың материалдық жағдайы жасы үлкейген сайын жақсара түседі. Кез келген салада жақсы жетістіктерге жетіп, басшы, үйлестіруші бола алады, мансабын жоғарылата алу қабілетіне де ие. Әсіресе қаржыға байланысты мамандықтарда жақсы нәтижелерге, жетістіктерге жете алады. Сарышан секілді тәуекелге бара алмас, алайда тұрақты түрде өз жұмысын біледі. 
Қарызға ешкімге ақша бермейді, тіпті достарына да. Қымбат болса да жаңа затты ғана сатып алғанды ұнатады. Қымбат әрі әдемі заттарға талпынысы жоғары.
Қаржылық тақырыпта  шаяндарға кеңес қажет емес, олар өздері өзгелерге бұл тақырыпта кеңес бере алады.

Арыстан (23.07. – 23.08.)

Арыстандар көшбасшылық қабілеттерінің арқасында кәсіби бағытта өздерін көрсетіп, қаржылық жетістікке жетуге мүмкіншілігі бар.  
Үйлестірушілер арасында арыстандар зор жетістікке жетуге қабілетті. Фирманың басқарушысы ретінде немесе зияткер басшы ретінде биіктерден көріне алады. Арыстандар жаңа іс бастауымен-ақ өз әрекетінің жаңа сценарийін де құрып үлгереді. Істі толыққанды зертемейінше, іске белсенді кіріспейді. Олар өз саласының майталмандары, кез келген уақытта шығармашылық қырын өзгертуге даяр. Уақыт өте келе бұл жаңа істің де майталманы танылады.
Егер басшы болсаң, өз қарамағыңдағы адамдарға ұнауға тырысуың маңызды емес, ал арыстандар үнемі мансабының биік шыңында жүреді.
Арыстандардың ережесіне сай: олар қаншалықты ақша жұмсайды, соншалықты олардың қаржысы қомақты бола түседі. «Ақша ақшаны шақырады», арыстандар осы сөзге ерекше мән береді. Классикалық үлгідегі еңбекқорлар арыстандардың арасынан байқалмайды. Жұмыста белсенді, десе де демалыс туралы еш ұмытпайды. Ал демалыста арқаны кеңге салғанды қалайды. Жақсы қаражат табуда көптеген астрологтардың бағамдауына сәйкес арыстандар жақсы өмір мен қымбат заттарға да зор ілтипатпен қарайды.
Кеңес: кей кездері қоршаған орта адамдарына да назар аударып, көңіл бөлуге кеңес беріледі.

Бикеш (24.08. – 23.09.)

Бикештер – шетел асқан миллионерлердің қатарында, алайда астрологтар алғашқы орындарды бұларға бермейді. Алайда мәліметтерге сәйкес, бикештерден біраз миллионерлер шыққаны рас. Ендеше, бикештер, тек қана қаржы шыңын бағындыра беріңіздер, бұған қабілеттеріңіз жеткілікті!
Миллиардтарды жинау мүмкін емес, бұл үшін ақыл мен ерекше зияткерлік сана қажет, сонымен қатар еңбекқорлық та артық етпес. Міне, бикештер осы қасиетті демек игерген. Алайда ақшаның артында жүре бермей, біраз уақыт демалғанды да бикештер ұмытпағаны абзал.
Зияткерлік еңбек бірқатар дивиденттерді әкеледі. Негізгі түйсіну әрдайым биіктен көрінеді. Ненің қай жерде, бағасы қанша екенін білу, саудаласу бұл ретте маңызды орын алады.
Бикеш басшыңыз болса, бұл азап дей беріңіз. Кез келген нәрсеге килігумен қатар, ақшаны да аз төлеп, арыстандарға қарағанда тым қатал келеді. Көпшілік жағдай олардың тәрбие алған ортасына тікелей байланысты. Әрдайым пайда табу олардың ойында жүреді. Артық ақша жұмсамайды. Әмиянында соңғы ақшасы бола тұра, сараң кейіп танытатыны да бар. Өйткені ақшамен қоштасу олар үшін тым ауыр. Ал сатушы болған кездері ойына келген бағаны қоятын қыры да жоқ емес.
Бикештер миллион таппас, алайда олардан үнемді адам шығу да екіталай.
Совет: көбіне жақын туыстарды сый-сыяпаттарыңызбен қуантып жүріңіз, өзіңізді де. Демалыс деп аталатын сүйікті хоббиыңыз болсын. Келген ақшаны беру керек екенін, олар осылай айналып жүру қажеттігін ұққаныңыз абзал.

Таразы (24.09. – 23.10.)

Таразылар үшін ақша - ол мақсат емес, жай ғана құрал. Әдемі демалыс, әдемі өмір, мұның бәрі ақшасыз орындалатын дүниелер болса таразылар  тер төгіп, ақша табуға тырыспас та еді. Сол себепті де таразы әйелдер өздері табыс таппас үшін бақуатты еркектерге тұрмысқа шыққанды жаны қалайды.
Жұлдызнама белгісінің баюы оп-оңай, идея мен ақша табуға  құлшынысы болса болғаны. Алайда көпшілік таразылар үшін байлық тақырыбы жай ғана арман болып қала береді, «менде осындай байлық болса ғой! деген тамаша қаржылық оймен ғана шектеліп қалады. Керісінше, жалқаулықты жеңсе, талпынысы мен ниеті болса, таразылар жақсы табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндігі бар.
Талғамның ерекшелігі мен ерекше жаратылысының арқасында таразылар көп жағдайда дене еңбегі арқылы емес, ой еңбегі арқылы қол жеткізуге тырысады. Өз қабілеттері мен таланттарын көрсетуге жұлдыздар шоғыры жағдай жасайды. Олар өнердің түрлі саласында: музыка, сурет, сәулет, театр, кино, сән, дизайн, ақпараттық технологиялар секілді бағыттарда өздерін жоғары деңгейде көрсете алады.

Сарышаян (24.10. – 22.11.)

Қаржылық жоспарға келгенде аса ыждағаттылыққа ие. Кейде қаржылық лекті аңдитын адамдарша жүреді. Ақшаны жақсы көреді, кейде ақша да оларды солай қабылдап жатады.
Ақшаны прогрессивті жолмен дамытқанды ұнатады, яғни ақшаны қапқа салып, жинамайды, бір қаржылық инвестицияларда жатады, басқа бір орындарда өздігінен өсіп, көбейіп жатады. Бұл келісім, қаржылық бағдарламалар, басқа да операциялар. Бұл жұлдызнама өкілі секілді басқа ешкім өз қаржысын мұндай мақсатпен көбейтпейді.
Сарышаяндар үшін ең бастысы тәуекелге баратын жобалар үшін барын салмағаны орынды. Сақтық олардың әрдайым сүйенетін ұранына айналуы тиіс.
Сарышаяндар ақшаның иісін жақсы сезеді, сондықтан да олардың көбі бақуатты адамдарға үйленеді не тұрмысқа шығады, не болмаса табысы жақсы жұмысқа орналасады, осылайша байлыққа кенеліп өмір сүреді. Көп жылдар бойы әлемнің ең табысты кәсіпкері ретінде Билл Гейтс танымал болды, міне, осы кісі сарышаян жұлдызнамасының өкілі болатын. Тұлғалық ерекшелігіне байланысты  сарышаяндар кез келген биікті бағындыра алары анық.
Сенгіштікті азайтуға, іс-әрекетке мұқият болуға, сараптай білуге, туа біткен сезгіштік қасиетті іске қосуға кеңес беріледі. Сарышаяндар көпшілікке ұнай бермейді, сондықтан ұжымнан гөрі жеке жұмыс жасаған, не болмаса басқарған тиімді әрі дұрыс.

Мерген (23.11. – 21.12.)

Көптеген мергендер - жомарт және кең келеді, кей кездері жағдайды асқындырып алады және байқамайды.
Дегенмен де ірі компанияларда және мемлекеттік қызметтерде жоғары лауазымдарға ие адамдар арасында мергендер саны жеткілікті. Олар қаржылық элита арасында да тығыз орналасқан. Бұдан шығатыны, бір бағытты немесе басқа жолды таңдаудың болашағы бірдей болады, содан кейін бәрі оның жеке қабілеттеріне және ерікті қасиеттеріне де байланысты.
Мерген еш уақытта сараңдық танытпайды, тиын санағанды да ұнатпайды. Кей кездері көп шығын жұмсайтыны да бар. Көпшілік мергендерге қиын күндерді елестету ақылға қонымсыз, өйткені олардың көпшілігі білімді, оқыған адамдар. Олар қалың кітаптардағы кедейлікті оқып, танысып, сауатты түрде көңіл бөледі.
Жоғары білім, өмір бойы өзін-өзі тану, шет тілдерін үйрену - өз пайдасын тигізеді, жайлы болашаққа әкеледі. Шығындарды жұмсаудан бас тартпастан, басты мақсатты есте сақтасаңыз және жүйелі түрде оны іске асырсаңыз - қаржылық жағдай ерте ме, кеш пе түзелері анық. Сондай-ақ, басқа адамдардың әмияндарына көз жүгіртпеу керек. Дегенмен, тәбетіңізді де азайтып, ақшаны аз жұмсау артық етпес.
 
Тауешкі (22.12 - 20.01.)

Тауешкілер ақшаға жоғарыдан қарайды. «Материалды тәуелділіктің бізге не керегі бар, біз одан жоғарымыз» деген ойы бар. Бұл ақшаға да әсер етері анық, ақша да тауешкілерді ұнатпайды. Сол себепті өмір бойы жұмыс істесе де, жағдайын түзеу аса қиынға соғады.
Ендеше, тауешкілер, ақшаны жақсы көріңіздер, сол кезде олар да сіздерді жақсы көретін болады!
Өзіңізде бар қуаныш пен ақшаны сезіну үшін тер төгіп еңбек етумен қатар ақша энергетикасын да тарта білуіңіз қажет. Өзіңізге ақшаны жақсы көру туралы ой салып көріңіз, мұнда тұрған еш әбестік жоқ. Шаяндардан үлгі алыңыз, олар әр тиынына ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір тауешкілер тиынды жерден көтеруге де ұялады. Бақуатты өмір тиыннан құралады, ақшаға деген махаббаттан, ілтипаттан тұрады. Бұл ережені санаға құйып, ақшаны шын ниетіңізбен құрметтеп, жақсы көруге тырысыңыз, сол кезде сізге ақша төгіле түседі.
Нық қадам, еркіндік және тәуелсіздік дәл осы жұлдызнама белгісіне қаржылық жетістік әкеледі. Ірі, атақты компанияларға жұмысқа тұруға талпынбай-ақ, жеке жүріп те қаржылық биікке көтерілу оңайға соғары анық.

Суқұйғыш (21.01. – 19.02.)

Суқұйғыштардың қаржылық сауалдарын ешкім де ұқпай жатады. Олар мистикалық үлгіде, құпия, оны тіпті суқұйғыштың өзі әзер ұғады. Қаржылық деңгейде тәуелсіз болу кез келген суқұйғыштың қолынан келе бермейді: қаржыға жеңіл қарайды, ақша қалай келеді, солай шашылып, жойылып кетеді.
Осылайша суқұйғыштардың табыстан көрі шығыны көп болады. Ақшаны жойғанды жақсы көреді, нәтижесінде қарыздан-қарызға батып жүреді. Осындай жағдай өмір бойына да созылып жатуы мүмкін.
Зияткерлік сала суқұйғыштарға ыңғайлы, ол жерден қаржылық негізін қалауды ұйғарады. Бұл ретте білім алу мен өзін-өзі оқыту үлкен рөл атқарады. Солай бола тұра, артық ақшаны қор ретінде сақтап жүру артық болмас.

Балықтар (20.02. – 20.03.)

Астрологтардың пайымдауынша, балықтардың арманшыл филантроптары қаржылық тұрғыдан анықталмайды. Фактілер бұл тезисті растамайды. Балықтардың көп жағдайда бай адамдарға айналуы екіталай. Қалай да болса, бұл белгі миллиардерлердің ішкі тізімінде басым. Бұл сенсациялық жаңалық. Сондықтан Балықтар - сізде үлкен әлеует бар!
Әділдікке және сыртқы ойлауға деген сүйіспеншілік ақшаға қатысты болса,балықтар сараңдық кейіп танытуға бейім. Олармен ақшаны бөлісуге тырысыңыз және армандаған ақшаңызға қол тигізу үшін батыл қолыңызды олардың итеруі де ғажап емес, мұндай кездері олар акуланы елестетеді. Жеткіліксіз ашкөздік және түйсік, шамасы, балықты елімізде бай адамдардың тізімінен орын алуының басты себебі болып отырғандығын айғақтай түседі. Балықтармен бірлесіп жұмыс істеуді құдай басқа бермесін, олар сіз жасай алатын және жасай алмайтын барлық нәрселерді жоққа шығарып, сізді ештеңесіз қалдыруы да мүмкін. Бұл мұнымен бітпейді, олар сіздің қарыз болып қалғандығыңызды үнемі айтып, жағын талдырады. Өйткені, қаржыға келгенде олар адам танымастай өзгеретіні ақиқат. Олардың басты ұраны: «бәрі маған қарыз, маған қарыздар адам өте көп».
Сонымен бірге бұл белгіге қайырымдылық мүлде жат. Ақшаны кез келген адаммен, тіпті жақынымен бөлісу де олар үшін қиын. Ақыл-кеңестер беріп, жанашырлық таныту мүмкін болар, ал ақша беруге ешқашан болмайды. Керісінше, олар ақшаға қарағанда бүйрегін бере алатын шығар.
Балықтар зергерлік бұйымдарды жақсы көреді, дүкенді күнде аралап, қымбат заттарды сатып алуды ұнатады. Бірақ бұл оларды үнемдеуге және ақша жетіспеген жағдайда экономиканы тиімді басқаруға кедергі келтірмейді.
Балықтар басқа адамдардың қалтасына қарап, әрине, сүйікті адамдарының қажеттіліктерін де есепке алуы керек. Ақша қолда болған кезде ата-анаға, балаларға үнем жасауға болмас.

Дереккөзі: astrocentr.ru
30 қараша 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031