» » Қарапайым сұрақтардың қиын жауаптары

Қарапайым сұрақтардың қиын жауаптары

Бәріміз де мектепте жақсы оқығанымызды айтып мақтанамыз. Тіпті жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітіргенімізді айтудан шаршамаймыз. Бірақ кейде кейбір қарапайым сұрақтардың жауабын таба алмай қалып жатамыз. Мысалы, қайың қабығындағы қара сызықтар нені білдіреді немесе күн сәулесіне қарағанда не үшін түшкіретініміз туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Біз осы сынды қарапайым сұрақтардың қиын жауаптарын іздеп көретін боламыз.


Күн сәулесіне қарағанда не үшін түшкіреміз? Әдетте, үйден немесе күн сәулесі түспейтін орыннан шыққанда адамдардың 18-35 пайызы түшкіреді екен. Күтпегенде түшкіру феномені (күн сәулесі себебінен түшкіру рефлексі) – көздің жүйке талшықтарына күн сәулесінің әсер етуінен жүзеге асатын құбылыс. Қарапайым тілмен айтқанда көру рецепторы мен иіс сезу рецепторлары бір-біріне өте жақын орналасқан. Олар мимен бір жүйке жолымен байланысады. Сондықтан, ми көру рецепторындағы әрекетті иіс сезу рецоптарынан екен деп деп, ағзаға бөтен бір зат түсіп кетті, одан құтылу керек деген шешім қабылдайды. Осылай адам күн сәулесіне қарағанда жиі түшкіреді екен.

Күшік ақылды ма, мысық ақылды ма? Осы сұраққа бәріміз «әрине күшік ақылды» деп жауап беруіміз мүмкін. Бірақ неге деген сұраққа жауап беруіміз неғайбыл. АҚШ-тағы Вандербильт университеті ғалымдарының зерттеуінше, күшіктердің миында 530 миллионға жуық нейрон бар. Ал, бұл көрсеткіш мысықтарда 250 миллиондай ғана екен. Статистика көрсеткендей күшіктер мысықтардан 2 есе ақылды. Ал, адам миының қыртысында нейрондар саны 16 миллиардқа жуық.

Не үшін қайың қабығында қара сызықтар болады? Қайың ағашының не үшін ақ түсті болатынын XVIII ғасырда өмір сүрген химик Товий Ловиц түсіндіріп берді. Ол ағаш қабығынан кристалды органикалық зат бөліп алған. Кейін бұл зат бетулин деп аталды. Бетулин желімнен түзілген қатты зат, ол су, суық тіпті ауа да өткізбейді. Бірақ ағашқа ауа қажет. Сол үшін қайың қабығында қара сызықтар пайда болған.
Не үшін мысықтар қиярдан қорқады? Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде мысықтардың қиярдан қалай қорқатыны жайлы қызықты роликтар өте танымал болған еді. Роликтерде барлығында тамақ жеп жатқан мысықтың жанына қияр қойғанда, қорыққанынан қалай секіретіні бейнеленген. Шындығында мысықтар тек қана қиярдан қорықпайды. Жалпы олар қиярдан мүлдем қорықпайды екен. Мысықтар тамақ жейтін орнын ең қауіпсіз орын санайды. Кенеттен қасында белгісіз зат пайда болғанда оларда өз-өзін сақтау инстинкті пайда болып, еріксізден секіріп кетеді екен. Егер сіз қияр орнына банан немесе соған ұқсас зат қойсаңыз да бәрібір мысықтар секіре береді.

Түнде жанатын қоңыздар қалай жарық шашады? Флорида университеті энтомология және нематология кафедрасының доценті Марк Бранхамның айтуынша, жанатын қоңыздардың ішінде химиялық реакция жүреді. Бұл оларға жарық шашуға мүмкіндік береді. Жарық шашудың бұл түрі биолюминесценция деп аталады. Биолюминесценция дегеніміз – тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі. Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендірулерге жауап ретінде катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады. Балықтар, бесаяқты былқылдақденелілер және басқа да гидробионттардың, сондай-ақ шілделік тұқымдасының қоңыздары жарық сигналдарын шығаруға қабілетті. Ғалымдардың айтуынша, қоңыздар жарықтарын бақылай алу қабілетіне де ие. Әдетте олар жарықты екінші жұбының назарын өзіне аудару үшін шығарады.

Адам қорыққан кезінде не үшін қалтырайды? Оттавадағы Карлтон университі нейро ғылым-білім бөлімінің нейробиологы Ким Хеллеманстің айтуынша, адам қорыққан кезінде ми бүйректің жоғарғы бөлігіне сигнал жібереді екен. Осыдан қанда адреналин мен кортизон көбейеді. Бұл гармондардың міндеті – ағзаны сыртқы соққыға немесе шабуылға дайындау. Осы себепті жүрек соғу жиілей түседі, көздің қарашығы үлкейеді, шаш тікірейіп кетеді. Адам бұлшықеті сыртқы қауіпке дайындалғаны сонша қатты сығымдалып қалады екен. Егер сырттан соққы немесе қауіп болмаса, бұл үдеріс тез басылады да нәтижесінде адам қалтырай бастайды.
26 қараша 2018 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031