11 қараша: Күнтізбе
11 қараша, ЖЕКCЕНБІ
Халықаралық энергия үнемдеу күні
Бұл мереке 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда SPARE халықаралық үйлестірушілер мәжілісінде қабылданды. 2008 жылғы қарашада әлем халқы алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті.
Дүниежүзілік шоппинг күні
Бұл мереке 2009 жылы пайда болды. Ол күні қытайлық «Alibaba Group» интернет-алаңы өз ресурстарында (AliExpress.com интернет-дүкенінде) тауарларға 50% жеңілдік жасап, «Дүниежүзілік шоппинг күні» деген маркетингтік науқан жүргізген болатын.
Польша Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні
Польша - Орталық Еуропадағы, Висла мен Одра өзендерінің аумағындағы мемлекет. Солтүстігін Балтық теңізі шайып жатса, батысында Германиямен шектеседі, оңтүстік-батысында Чехиямен, оңтүстігінде Словакиямен, оңтүстік-шығысында Украинамен, шығысында Беларусьпен, солтүстік-шығысында Литвамен және Ресеймен шектеседі. Астанасы - Варшава. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - екі палаталы парламент (Сейм мен Сенат). Әкімшілік бөлінісі - 16 воеводство, повяттар, гминдер. Ресми тілі - поляк тілі. Ақшалай бірлігі - злотый.
Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алу күні
11 қараша адамзат тарихындағы ең кең ауқымды қарулы қақтығыстардың бірі саналатын бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алу күні (1914 жылғы 28 шілде - 1918 жылғы 11 қараша). Бұл соғыс төрт империяны тарих сахнасынан кетірді, олар: Ресей, Германия, Австро-Венгрия және Осман империялары.
Ангола Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні
(1975) Ангола - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және шығысында Конго Демократиялық Республикасымен, шығысында Замбиямен, оңтүстігінде Намибиямен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Луанда қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - жаңа кванза.
Бельгияның мемлекеттік мейрамы - Татуластық күні
(1918) 1918 жылдың 11 қарашасында Антанта мен Германия арасындағы татуластық келісіміне қол қойылуына орай атап өтіледі және қаза тапқан барлық француз және бельгиялық сарбаздарды еске алу күні болып есептеледі.
Латвияның мемлекеттік мейрамы - Лачплесис күні
(1919) 1919 жылы осы күні жас латвиялық әскери құрылымдар Бермонт әскерлерінің Ригаға шабуылына тойтарыс берген. Осы оқиғаға байланысты 1919 жылдың 11 қарашасында Лачплесис жауынгер ордені бекітілген. 1920 жылғы 18 қарашада орденнің жарғысы және оның «Латвия үшін» ұраны қабылданды.
Канадада Еске алу күні
Жыл сайын 11-айдың 11-і күні сағат 11-де бүкіл Канада қалыпты ырғағын тоқтатып, екі минут үнсіз қалады. Осы екі минут тыныштықтарын канадалықтар ұлттың жарқын болашағы үшін өз өмірлерін қиған отандастарын еске алуға арнайды. Бұл дәстүр 1919 жылдан, Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына бір жыл толуына орай, Король V Георг «Империяның барлық халықтарына» өмір сүру құқығы мен отандастарының бостандығы үшін өмірлерін құрбан еткендерді мәңгі есте қалдыруға шақырған үндеу арнауымен басталған еді.
Қытайда бойдақтар күні
Бұл күн «1» саны жалғыздықты білдіретін болған соң таңдалды, 11 қарашада бұл сан төрт рет қайталанады (11.11)! Бойдақтар күні алғаш рет 1993 жылы Нанкин университетінде атап өтілді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1996 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды.
1998 жылы Астанадағы Перинаталдық орталық жанынан Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
2004 жылы 11-13 қарашада Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсы өтті. Оны атақты композитордың өз атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр ашты.
2006 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің ашылуы болды. Кешенді кесене сары алтын түсті кірпішпен тұрғызылған, кесененің өзіне 73 баспалдақпен көтеріледі - Мәшһүр Жүсіп осынша жыл өмір сүрген. Ғимараттың ішінде мұсылман діни ұстанымдары негізінде екі бөлме - зиратхана мен гурхана бар. Біріншісі намаз оқып, келушілердің еркін әңгімелесуіне арналса, гурханада сандықтас орналасқан. Ол қордайлық граниттен көне түркілік үлгіде, адам өмірінің кезеңдеріне сәйкес, үш деңгейде орындалған. Алтынмен апталған кіреберіс есікті көркем өрнектеп, әсем әшекейлеген ең үздік қазақстандық зергерлердің бірі - Қырым Алтынбеков. 14 метрлік екі күмбезге Алланың 99 аты жазылған. Көрікті кешеннің авторлары - Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағытаев.
2010 жылы Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарын оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» жұмысын бастады.
2011 жылы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Қазақстан» монументалдық-скульптуралық композициясы ашылды. Оның дәл ортасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні орнатылған. Ел жетістігін бейнелейтін композиция қола, гранит, мәрмәр тастарынан қыран құстың қанаты сұлбасында жасалған. Монументтің авторы - мүсінші Шоқан Төлеш. 2013 жылы ҚР және РФ арасындағы Х мерейтойлық өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойды.
2013 жылы «Білім» және «Мәдениет» телеарналары біріктірілді.
2013 жылы Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер және мәдениет саласындағы Еуропалық өнер одағы беретін «Golden Europea» («Алтын Еуропа») жоғары наградасын алды.
2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кеңесінде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын таныстырды.
2014 жылы Қазақстан, Ресей және Украина бірлесіп түсірген қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсенов жайлы 4 сериялы көркем фильм халықаралық деңгейдегі зор марапатқа ие болды. Фильм Ресейдің бас наградаларының бірі «Почетный орден Кузбасса» орденімен марапатталды. Туындыдағы басты рөлді Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры Қуандық Қыстықбаев сомдады.
2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл деректі фильмге еліміздің және шетелдің бетке ұстар ғалымдары, ақындар, режиссерлер атсалысқан. Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған. Фильм 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы шежіресіндегі айшықты кезеңдер туралы баяндайды.
2015 жылы Елордада Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелеріне арналған Астана клубының I отырысы өтті. Астана клубының алғашқы отырысында АҚШ, Ресей, Еуропалық Кеңес, Қытай, Түркия, Иран және өзге де елдерден 50-ден астам экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар бас қосты.
1843 жылы алғаш рет дат жазушы Ганс Христиан Андерсеннің «Сұмпайы үйрек» атты атақты ертегісі жарыққа шықты.
1930 жылы Эйнштейннің тоңазытқышы патенттелді - оны Альберт Эйнштейн Лео Силардпен бірге әзірлеген. Тоңазытқыш спиртті отынмен жұмыс істеді, ол сол кезде қолданыста болған үлгілерден барынша қауіпсіз болды. Алайда ол өндіріске шығарылмады.
1936 жылы Алғаш рет әлемде теледидардан ауа райы болжамы көрсетілді. Бұл жаңалық Англияда болды.
Дереккөз: inform.kz