» » Жұлдыз жорамалыңыз не дейді

Жұлдыз жорамалыңыз не дейді

Тоқтылар белгілі бір жұмыс кезеңіне немесе жақында тартылатын нәрселерге дайындық туралы ойлана бастайды. Иелігінде бәсекелестер қызықтыратын көп мүмкіндіктер бар. Кәсіби деңгейді жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Бірақ басқалардан көмек сұрауға құлықты емес. Жаңа білім көзі - күш-жігер, кітап, компьютер болмақ. Бұл күндері күрделі және маңызды бизнес туралы ойын өзгертетін ақпарат алады. Өз мүддесін көздей отырып, күрделі мәселенің шешілуіне бейімделеді. Жасы кіші туысына қамқор болады. Балалардың ортасында көп уақытын өткізеді. Жасы кіші досымен жақындасады. Ұнатпайтын әйел мазасын алып, кездескісі келеді. Онымен кездесуге бармау үшін біраз қулыққа баруға тура келеді. Сонымен қатар өзіне ұнайтын адамдармен араласуға ұмтылады. Бұл қуаныш пен жақсы көңіл-күй әкеледі. Жұрт алдында сөздері мен әрекеттерін бақылағаны дұрыс. Сіз туралы бір адам өсек немесе қауесет таратып жүр деген күдігіңіз бар ма? Жеке өмірге үлкен күш қажет. Досыңыз тағы да қарым-қатынасқа өкпелі.
Торпақтар өзінің жомарттығымен кез келген адамды өзіне тартады. Бұл аптада бұрынғы таныс-достарымен жақындасады. Үзілген байланыстар қалпына келуі мүмкін. Тіпті бұрын ренжіткен, көңілін қалдырған әріптесі немесе досына көмек көрсетуге ниетті. Жасырын кездесулер, тартымды адаммен араласады. Қалыптасқан жағдайға икемделіп, өз тұрақтылығын нығайтуға тырысады. Аралас-құралас адамдардың арасында өзгерістер болады. Әйелмен ажырасуы мүмкін. Қолында билігі бар азаматтың көмегіне жүгінеді. Күрделі келіссөздер күтілуде. Айналасында шым-шытырық оқиғалар болып жатады. Ал торпақтың істері бәрі рет-ретімен жүреді. Дұрыс шешім қабылдауға ішкі түйсігі көмек береді. Тек денсаулығы сыр беріп, жоспарын бұзып жібреуі мүмкін. Бұрынғы сырқаты қайта шығады. Әсіресе жас торпақтар денсаулығына қарағаны дұрыс. Ал қыз-келіншектер шашын қараға бояп, еркектер киім киісіне өзгеріс енгізеді. Жеке өмірде қызығушылық көп. Бірақ өз сүйіктісінің қылығын қолдап, оған оған шаң жуытпайтын болады
Егіздер ұсақ-түйеккке бола реніш туады. Басқа біреулердің қылығы көңілін бұзады. Қарым-қатынас жасап жүрген адамдарды қайта түгендеп, қайта қарастырады. Жақындарының жүйесіз істерінің кесірінен жоспары бұзылады. Әріптестері немесе достары егіздердің жауапкерсіздігінің салдарынан сенімсіздік танытып, күдіктене бастайды. Реніштерін айтады. Денсаулық жағы ойландырады. Медициналық тексеруден өтеді. Саяхат пен жұмыс ауыстыру күтілуде. Іс-әрекеттің жаңа бағыты туып тұр. Жасырын мүмкіндігін зерттеп, ойда жоқта өз мүмкіндігін ашады. Үй шаруасын естен шығармаған жөн. Дұшпаны – бұзылған су құбыры мен жабылмайтын тозған құлып. Осы ұсақ-түйектер көңіл күйіне әсер етеді. Ересек туыстарымен қатынас үзілуі мүмкін. Жасы үлкен егіздер бұрынғы таныстарымен кездессе, жасы кішілер махаббат толқынында өзіне дән риза болады. Егіздер бұл аптада бәрін таңғалдырады.
Шаяндар өзінің рухани тұрақтылығын бұзбау үшін бекітілген ережелерді бұзуға қабілеті болмайды. Өзгелерге ақыл айтып, ескертпе жасайтын болады. Әдеттегідей жағдайларға қарамастан, жаңа қарым-қатынас деңгейіне шығады. Қамтамасыз ету саласында өзгерістер күтілуде. Көп еңбектенгендер демалысқа шығады, ал қалғандары жұмысқа белсене араласады. Жұмыста көп уақытын өткізеді. Материалдық шығындар күтілуде. Отбасындағы кіші жастағылардың әрекетінен шығындар көп болмақ. Техникалық жабдық сатып алуы мүмкін. Жақсы адамдармен бірге отырыс күтілуде. Досына сыйлық жасайды. Бұрынғы серіктестері туралы жағымды хабар алады. Телефонмен сөйлесулер, алыстағы адаммен қатынас болады. Беделді адаммен кездесуге барады. Болатын іске қатысты мұқият жоспар құрылады. Өткенді ұмыт. Ол алға жылжуға кедергі келтіріп тұр. Өз тәжірибесіне сүйеніп, айналасындағы адамдардың қатынасына жүгінгені дұрыс. Бұл - тағдырындағы кетіп бара жатқан кезеңнің жойылуының бастамасы. Енді жаңа өмір салты, іс басталады. Басы бос шаяндардың қосағын табу кезеңі басталды. Шешім қабылдауға тура келеді. Ал үйленген шаяндар бақытты кезеңді басынан кешіреді.
Арыстандар өзіне қажет адамға жағымды әсер қалдыруы тиіс. Соқыр тәуекелге барады. Тәуекелге отбасы, өмір салты, мансабы, ақшасы – бәрі тігіледі. Құп, бәсеке тігіп, нәтижесін күтсін! Бәлкім жұлдызы жанар. Сыйластығы жоқ адамның алдында өз мүддесін қорғайтын болады. Бітірмеген шаруалар өте көп. Әйелдер әлеуметтік мәртебесін өзгертуге жанталасып, шыдамсыздық танытады. Жаңа жеңістер мен еңбегін бағалағанын қалайды. Ішкі қарама-қайшылықтар көп-ақ. Эмоцияға толы кездесу күтіліп тұр. Өмір бойы аңсаған қарым-қатынасын құратын адаммен танысады. Кездейсоқ естіп қалған ақпарат өте маңызды болмақ. Бір танысы кеңес беріп, әлдебір әрекетке итермелейді. Бірақ арыстанның өз өмірі туралы түсінігі айқын. Қаржы жағы тұрақсыз. Тұрғылықты жерін ауыстыруы мүмкін.
Бикештер Бикештер айналасындағыларға әсер ету қабілетінен айырылады. Мінез-құлқында мақтаншақтық, сөзінде тұрмайтын әдеттер пайда болады. Мықты тұлға деген беделден айырылуы мүмкін. Егер оны қаламаса, айналасындағы адамдарға сыйластық танытсын. Достары мен әріптестерін таңғалдыратын дүние көп. Батыл әрекет жасап, небір істерді жүзеге асырып көзге түседі. Дұшпандарының алдында да беделі өседі. Дұшпаны – күдікшілдік пен мақтаншақтық. Қызметін өміруге лайықты сәт туып тұр. Не десе де, сенімді адамның ұсынысын қабылдағаны жөн. Достарының арасында біреулер арыстанның өмір салтына әсерін тигізеді. Бір нәрсе мазалайтын болады. Соған қарамастан сылтау тауып, құтылып кетуге тырысады. Мен емес, өзгелер кінәлі деп ақталады. Бұл аптада қауіп - жарамсыздық мерзімі өтіп кеткен тағамнан келуі мүмкін. Жоспарламаған саяхат шаршатады. Одан пайда да болмайды. Адам жеке өмірде күткені орындалмайды.
Таразылардың белсенділігі төмендеп, тыныққысы келеді. Жігерін салудың арқасында жеткен жетістіктері енді жаңа жобаға жетелеп тұр. Немесе біраз тынығып алған дұрыс. Достары, әріптестері, туыстары – бәрі қолдап-қолпаштайды. Бірақ таразылардың өзінің ісіне деген күдігі басым. Жақындарыңыздың біреуі сіздің бітпейтін күдіктеріңізді сейілтуіне тура келеді. Дегенмен ол белсенді оппонентіңіздің жолы болғыштығына байланысты болуы мүмкін. Өз бойыңыздағы қызғаныш және қарсылық сезімін арылуға тырысыңыз. Үйіңізде едәуір өзгерістер болуы мүмкін – жөндеуден бастап жиһазды өзгертуге дейін. Жиһаз сатып алуыңыз мүмкін. Жұрт алдындағы араласу мен телефонмен сөйлесуде маңызды болмақ. Сіз мәлімдеме жасап, аудитория алдында сөйлеуге мәжбүр боласыз. Тап қазір жеке басыңыздың мықтылығын бағалайсыз. Бұл өте қажет. Кез келген талқылау күтпеген жағдай тудырады. Кез келген сотты келесі аптаның соңына қалдырыңыз. Өзгенің жанжалына қатыспаңыз, дауға араласпаңыз. Жеке өмірде торығушылық бар, қуаныш та бар.
Сарышаяндар жеке басының мәселелерін шешуде жүрегін емес, парасатына құлақ түреді. Нақты шешім қабылдауға серіктесінің адам түсініксіз әрекеті итермелейді. Қатынасын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Ересек сарышаяндар үшін ұзақ уақытқа айырылысу кезеңі туады. Жақын уақытта нені және қалай шешуді анық түсінетін боласыз. Егер оқиға сіз ойлағандай өрбімесе, өзінің дұрыстығына сенімді болғандықтан, тығырыққа тірелесіз, Бірақ бастан өткен жуырдағы тәжірибе мен оған қоса ішкі түйсігіңіз бұл жағдайда жеңіп шығуға септігін тигізеді. Басты мақсатыңызды ұмытпай, кез келген жағдайға икемделе білу қабілетіңіз орамдылық танытып, бірақ тәуелсіз және тіс батпайтын мықты боп қалуыңызға көмегін тигізеді. Қаржы мәселесін шешуге болады. Ақша табуға мүмкіндіктер бар. Бұрыннан тоқтап тұрған жоба іске аса бастайды, сөйтіп өзіңіздің ең сәтті жобаңызды жүзеге асырасыз. Сапарға шуғудан бас тартпаңыз. Ол ақша әкеледі. Бұл күндері бір досыңыз мазаңызды алады. Ол тіпті алдап, қулыққа барады. Әйел адамнан тартымды сыйлық алуыңыз мүмкін. Жеке гигиена қажеттілігі сіздің денсаулығыңыздың негізін қалайды.
Мергендер пайда тарапынан әрекет ете алмайды. Сіз қазір қарсылық көрсете алмайсыз, өзгеден ештеме жасыра да алмайсыз. Қулығыңыз да жоқ. Бірақ сіздің екі-үш айла-тәсіліңіз бар, ол айналаңыздағы адамдарға жақсы әсер етеді. Ол жеке басыңыздың тартымдылығы мен біреуді көндіре білу. Осының бәрі қызмет бабында іске асады. Аймақтық мәселеге қатысты проблеманы шешесіз. Жақын адамдарыңыздың арасындағы міндеттемелерді бөліп бересіз. Ақпарат, құжатқа қатысты баяғыдан көздеген жоспар іске асырылады. Ақша мәселесі ушығып тұр. Бірақ осы аптада кірісті молайтуға мүмкіндік туады. Сіз сыртқы жағдайдың ықпалына тез түсесіз. Сенім артқан бір адамыңыз сіздің мақсаттарыңызды жіктеп береді. Сіздің ықыласыңыз бен сеніміңізді өз пайдасына жүзеге асырғанын көріп, көзіңіз жететін болады.
Тауешкілер жабырқаңқы, көңілсіз күй кешеді. Жағдай күрделеніп, бақылаудан шығады. Сізді жұрттың сөзі, пікірі мазалайды. Сіздің күдікшілдігіңіз бен секемшілдігіңіз шектен шығады. Еркектер қасындағы адамын қызғанып, мазасын алса, әйелдер ренжіп, жылап, көз жасын сығумен болады. Сіз осы аптада біреуден шындықты күтесіз. Тағатсыздана күтесіз. Кейде жағдай тіпті қиын емес болғанымен, сіз оған басқаша көзбен қарайсыз. Басты кемшілігіңіз - адам туралы жаман ойыңыз. Жұмысқа кірісіп, қуанышты хабар жинауға асығыңыз. Сабырлы адамдармен араласқанда сабаңызға түсесіз. Біраз тынығып, алдағы қыруар шаруаға күш жинаңыз. Спортпен айналысып, көп қимылдағанның пайдасын көрңіз. Бұл аптада туыстардың қаны тартады. Туыстық байланысты бағалайсыз. Қарым-қатынаста мистикалық белгі туады. Жолға шықпағаныңыз жөн. Докторға барасыз, ол ем жазып береді.
Суқұйғыштардың бір қиындықты шешіп, екіншісіне тіреледі. Бәрін өз пайдаңызға шешіп жатқан секілді болғанымен, қанағат таппай тұрсыз. Кейде келешекке сенім азаяды, сыртыңыздан тағдырыңызға шағына беретін адам боп көрінесіз. Тіпті бұл күйіңіз өзіңізге де ұнамайды. Бірақ бұдан шыға алмай тұрсыз. Әрдайым күш-жігермен күресуге тура келеді. Бұл кезеңде біреуге ғашық болуға да уақыт таппайсыз. Сондықтан сіздің назарыңызды аударып, өзіне ынтықтыратын адам қажет. Өйткені сіз жабықсыз. Сізді ренжітуі де мүмкін. Бәрінен бұрын, өзіңізге мүлдем бейтаныс адамдармен араласуға құлық танытасыз. Бейтаныс ортада тартымды болып, адамдар сізге жақындайды. Қаржы мәселесі қиын болғанымен, тығырықтан шығудың жолын білесіз. Демалу мақсатында жолға шығып қалуыңыз мүмкін. Басы бос суқұйғыштарды жаңа адаммен таныстық күтіп тұр.
Балықтар өз ұстанымын бірнеше рет өзгертуге мәжбүр. Бұрынғы жоспары белгісіз уақытқа шегеріліп, оны жүзеге асыруға құлқыңыз болмайды. Тұрғын үй мен аймақ мәселесі көңіліңізді тыныштандырады. Бірақ тап сол мезетте іс-әрекеттің жаңа бағыты туады, оған бұрын ешқандай қызығушылығыңыз болмаған. Айналаңыздағы жаңа бір адам қаржы құятын сәтті ұсыныс жасайды. Құрылыс саласында істейтін, материал жеткізетін, тұрмыстық техникамен айналысатын, арнайы қызметтегі және медициналық саладағы Балықтарды сәттілік күтіп тұр. Әріптестермен жанжал орын алуы мүмкін. Бір адам ұжымнан кетеді немесе іскерлік мәселесін шешетін одақтас адамыңыздан айырыласыз. Топтың арасында абай болыңыз. Әсіресе стадиондарда, көп адам жиналған жиылыстарда, ашық аспан астында. Өзіңізге қараңыз, күтіңіз, өйткені сыртыңыздан қарағанда тартымдылығыңыз азайып барады. Жақсылық әкелетін ажырасу болуы мүмкін.


ktk.kz
02 қараша 2018 ж. 1 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031