Телефонды ешқандай «программасыз» вирустан тазартуға болады
Егер смартфоныңыздың жұмысы баяуласа, ұзақ қатып қалатын болса, оның себебі – телефонда артық файлдар және керексіз, өшірілген «программалардан» қалған қоқыстар немесе вирустардың болуы. Сондықтан, ондай жағдайда телефонның ішін тазалау қажет
Ешқандай «программаны» жүктемей тазалау
Қосымшаны басқару:

Телефон баптауларының (настройка) ішінен «Сақтау орны немесехранилище данных» деген функцияны тапқан соң, «Ішкі сақтау орны немесе внутренная память» деген тетікті басып кіру керек.

Осы кезде жүйедегі уақытша файлдар, суреттер, бейнелер туралы есептерді және Android жұмысына кедергі келтіретін барлық «қоқыстарды» жинап шығады.

Содан кейін, қоқысты тазалау үшін «Кэштелген деректер немесе очистить кэш» батырмасын басып, тазалау керек.

Осы қосымшаны пайдаланғаннан кейін, сіздің «қалтафоныңыз» артық салмақтан арылғандай жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, бұл файлдағы заттардың барлығы сізге керексіз болып есептеледі.

• 360 Security Антивирус
• Clean Master Lite
• Kaspersky Mobile Antivirus: Applock, Web Security
• Очиститель вирусов – Антивирус (Макс. Безопастность)
• Doctor web, Ltd
Әрине, бұндай телефонға арналған антивирустар ғаламторда толып жатыр. Алайда, аталған қосымшалардың олардан ерекшелігі – сенімді жұмыс, вирустан тазарту, жұмысты жеделдету, ақпаратты сенімді сақтау және т.б. қасиеттердің барлығы біреуінде болуында.
Ескертеміз, телефонға вирус пен қоқыс толмас үшін көрінген жерге кіре бермеу керек!
Дайындаған: Б.Ерман