» » Баланы жауапкершілікке қалай үйретуге болады?

Баланы жауапкершілікке қалай үйретуге болады?

Әрбір ата-ана өз баласының өзі киініп, өзі тамақтанып, ертең өзінің нанын өзі тауып жей алатындай болғанын қалайды. Ол үшін баланың ғана емес, ата-ананың да ерінбей еңбек етуі, яғни дұрыс тәрбиелеп, жауапкершілікке үйретуі керек. 
Балаға бөгет жасамаңыз...

Кішкентай бала ойыншықтарын шашып жіберсе, оларды бірден жинауға кіріспеңіз. Бұл мүмкіндікті баланың өзіне беріңіз. Тамақ жеп отырғанда бет-аузына езілген картопты жағып тастады ма? Ұрыспаңыз. Қолына сүлгі беріп, бетін өзіне сүрткізіңіз. Кішкентай балалар көп нәрсені өз бетімен жасай алады. Алайда, әке-шешесінің шеттен тыс қамқорлығы балаға жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, баланың орнаны әрекет етпей, оған бөгет жасамай, өз шамасы келмей жатса ғана көмектесіңіз. 

Баланың инициативасын қолдаңыз 

Үй жинап жүргенде балаңыз талай рет сізден шүберек не шаңсорғыш сұраған болар? Сол кезде сіз не деп жауап бердіңіз, есіңізде ме? Статистикаға сенетін болса, ата-аналардың басым бөлегі "бөлмеден шық", "маған бөгет жасама", "бар, ойнай тұр" дегендей сылтаулармен, баланың көмегінен бас тартады. Қазір ол болымсыз нәрсе болып көрінгенмен, болашақта баланың еріншек болуына әкеледі. Кішкентай қызыңыз ыдыс жууға құштарлық білдірсе, оған жылы су қосып кесе, қасық сияқты ұсақ ыдыстарды жууға мүмкіндік беріңіз. Шала жуса да, артынша өзінің тазартып аласыз. Ең бастысы, ас бөлмеден қуып, инициативасын басып тастамаңыз. 

Баланың күн тәртібін ойластырыңыз 

Ересек адамға алдын ала ойластырылған күн тәртібіне сай өмір сүру қызықсыз. Бірақ, балаларға күн тәртібінің болғаны дұрыс. Күн тәртібі болмаған жағдайда, бала еріксіз сандалып жүреді. Бұл ата-анаға да кедергі болады. Себебі баланы қайта-қайта қадағалап, бір нәрсені бірнеше рет еске салып отыру керек. Күн тәртібін қағазға жазып, көрінетін жерге іліп қойыңыз. 

Үй шарусын балаңызға тапсырыңыз 

Әрине, барлық үй шаруасын емес. Тек бала орындай алатын, өзіне қауіпсіз әрекеттерді. Мысалы, гүлге су құю, ас ішердің алдында қасықтарды әзірлеу, өз бөлмесін жинау. Бала өзіне жүктелген міндеттерді орындаған сайын мақтауды ұмытпаңыз. 

Ақша жұмсауды үйретіңіз 

Мектеп жасындағы баланың күнделікті өзіне тиесілі ақшасы болғаны жөн. Сол ақшаны сақтайтын сандықшасы болғаны да дұрыс. Балаға екі нәрсені үйретіңіз: 

Ақшаны бірден ұнаған нәрсеге жұмсау; 
Ақшаны жинап, артынша жұмсау; 
Бала осы екі тәсілдің айырмашылығын өзі сезіну керек. Ол үшін анда-санда баладан осы айда жоспарланып отырған шығыс сомасы мен қалдықтың қандай болатынын сұрастырып қойыңыз. 

Уәдеңізде тұрыңыз 

Ересек адамдардың өз сөзінде тұрмауы, баланы жауапкершілікке үйретуге кедергі болады. Мысалы, балаңыз ертегі оқып беруді сұраса, сіз одан бірінші бөлмені жинауды талап етіңіз. Бөлмесін жинаса, ертегі де тыңдайды. Бала кез-келген себеппен өзіне жүктелген міндетті орындамаса (қырсығып, ұмытып қалып, т.б.), сіз де уәдеден таймаңыз. Баланы аяп, уәдеңізде тұрмасаңыз, ол біріншіден, балаға жауапкершіліктен қашуды, екіншіден, берген уәдені бұзуды үйретеді. 

Мақтаңыз 

"Жылы-жылы сөйлесе, жылан да інінен шығады" деп бекер айтылмаған. Мақтау сөздер бала үшін үлкен стимул. Өз бетімен ойыншығын жинап қойса, кешке айтқызбай тісін шайып келсе - бұның барлығын қалыпты нәрсе деп қабылдамай, мақтап қойыңыз. Бірақ, шала істелген әрекет үшін мақтаудан аулақ болған жөн. Бұл бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ондай балалар болашақта бастаған ісін аяқтамайтын болады.




























19 қыркүйек 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031