» » Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер

Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер

Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,дейді дана қазақ. Осы бір аталы сөзді бағдарға алып, өзге тілді үйренгісі келетін әрбір қарадомалақ қазақтың «әлемдегі ең оңай және ең қиын» тілдерді білгісі келетіндігі ақиқат.
Осы орайда Лингвистер қауымы: «сіздің жолдаған сауалыңыздың жауабы жоқ, бәрі де өз ана тіліңізге байланысты (мәселен, украиндық пен чех азаматы үшін орыс тілін үйрену тым оңай, ал жапондық және түріктік азаматқа қиынның-қиыны)" - деп жауап қатса, нейрофизиологтар қауымы: «ең қиын тіл – мидың қабылдауына ауырлық тудыратын араб, қытай сынды тілдер» деген пікірді ортаға салады.
Туыстық тұрғыдан қарағанда үйренуде аса қиындық тудыратын тіл ретінде – «баск» тілін атап өтуге болады. Өйткені басктің әлемге танымал тілдердің ешбірімен байланысы жоқ. Біз білетін өлі тілдермен де, тірі тілдермен де ұштастыра алмаймыз.
Ал Гиннестің рекордтар кітабына көз жүгіртер болсаңыз, чиппева (үндіс халықтарына тән), хайда (Солтүстік Американың солтүстік-батысын мекендейтін халыққа тән), табасаран (Дағыстанның кейбір халықтарына тән) және эскимос, қытай тілдеріне ең қиын тілдер деп баға бергендігін оқисыз. Кітапта аталған тілдердегі қиындықтарды былай деп түсіндіреді:
қытай тілі – иероглифтік хаттардың ерекшелігімен қиын,
табаран тілінде 48 септік бар;
хайда тілінде 70 префикс қолданылады;
чиппева тілінде 6000-ға жуық етістік формалары бар;
эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы, қарапайым зат есімдердің өзінде 252 флексия бар.
Жазу жағына келгенде, қытай, жапон және араб, корей тілдері ең қиын тілдер болып табылады. Бұл тілдер тіпті жергілікті қолданушылардың өзіне ауыр тиеді. Мәселен, Жапонияда білім беру мерзімі он екі жылға созылады да, бұл уақыттың жартысы ана тілі мен математика пәндеріне арналады. Сондай-ақ жапон оқушыларын мектепке дейін даярлау жұмыстары өте қызу әрі қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мектепті аяқтау емтиханында 1850 иероглифті жаттап, тапсыру керек екен.
Тағы бір сұрағымыз жауапсыз қалып барады: «Ең оңай тілдер қандай?
Меңгеруде аса қиындықтарға соқтыра бермейтін, оңай тілдердің қатарына африкаанс, дат, голланд, француз, итальян, норвег, португал, румын, испан және швед тілдерін атауға әбден болады.
Тек қана жеті түрлі тілді меңгеріп немесе жеті түрлі білім ғана біліп қоймай, әлемнің көптеген тілдерін бағындыра білгенге не жетсін!
massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031