» » АС ІШУДІҢ ДЕ ӨЗ МӘНІ БАР

АС ІШУДІҢ ДЕ ӨЗ МӘНІ БАР

Адам өмірінде астың маңызы ерекше. Оны тіршіліктің қайнар көзіне балаған. Қазақ атамыз: «Ас – адамның арқауы», «Арпа бидай ас екен, алтын-күміс тас екен», – деп ас-тағамды айрықша қадірлеген. «Бір күн аш қалған адамнан қырық күн ақыл сұрама», «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», – деп те аш адамнан ынсап, ақыл қашатынын қағытып өткен.
Әсілінде, қазақтай кемең­гер халықтың дана­лығын, ата-бабамыздың салт-дәстүрін бағалап жүрміз бе?
Ас ішудің де өзіндік тәртібімен қоса, тәрбиесі бар. Үйге қонақ келгенде құрақ ұшып, дастарқан қамдайтыны, ханның да, қараның да алдына ұсынған астан міндетті түрде дәм ауыз тиюі – қазақтың қанына сіңген қасиет. Дәмнен бас тарту, мұрын тыжырайту – тәрбиесіздіктің белгісі. Әйтсе де, халқымыз: «таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама» деп астарлы ой айтқан. Қандай да бір шұғыл шаруасы шығып тұрса да таңғы асын тастамаған. Ең болмаса ауыз тиген. Керісінше, кешкі асты күтіп отырмаған. Ол кезде қазіргідей қоғамдық орыннан ас ішу үрдісі болмаған. Кешкі асқа қарағанда, таңертеңгі асқа барынша мән берілген. Неге? Ырым-тыйымның астарында қандай сыр жатыр, шешіп көруге тырысайық.
Таңғы асты тастамай толық ішкен адам – алда кездесер қиын­дыққа төтеп бере алады. Ұр­пақ­тың денсаулығы артып, күш-қуа­ты көбейеді. Көптеген ауру-сыр­қау­дан аман өтіп, саламатты өсіп-же­тіледі. Ондай жеткіншектің санасы зерек те зерделі болмақ. Ал, кешкі асқа қарамаудың бас­ты себебі – іңірде ер адам үшін ша­руа­ның тығыны ашылады. Асты кү­тіп отырғанда қаншама шаруа мен ат-көлік жайғалмай қалады. Мұн­дайды қазекем: «Үш жылдығын ой­ламаған – еркектен без, үш күн­ді­гін ойламаған – әйелден без», – деп қам-қарекетсіздікті міней­ді. Ас­қа аузының суы құрып, ынды­ны кепкен еркектің діттеген жеріне жете алмай, айдалада ада­сып қа­луы ғажап емес. Кешкі ас­қа қарамаудың басқа да себебі бар. Мәселен, ол ғылымда нақты дә­лел­денген. Кешкі асқа тойып ұйық­таған адамның асқазаны бұ­зы­ла­ды. Ас қорыту жүйесі нашарлап, ағ­заның түрлі ауруға қарсылық қуаты әлсірейді. Семіздікке шал­ды­ғып, қан айналымы мен зат алмасуы төмендейді. Тіпті, есте сақтау қа­білетіне де айтарлықтай әсер етеді.
Міне, таңғы асты тастамаудың, кеш­кі асқа қарамаудың – құпиясы осы. «Бақсақ – бақа екен», – демек­ші, ас ішудің де біз біле бермейтін осындай астары бар екен.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
17 тамыз 2018 ж. 2 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031