» » Дақылдың дертке дауалығы

Дақылдың дертке дауалығы

Ежелден халықтың медицинада тәжірибеден өткендіктен, сұлы арқылы дәрі-дәрмектің күші келмейтін көптеген сырқаттарды емдеп жазуға, адамды әлсіздіктен арылтуға, күш-қуатын арттыруға болатындығы анықталған. Біз ғылыми, медициналық, тарихи танымдық басылым, материалдарын, халық емшілерініғ ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, сіздерге мынандай сұлы емдерін, диеталық дәмдерін ұсынып отырмыз. Шипалық нұсқауларды орындауда өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып қабылдауыңызды өтінеміз. Өйткені әркімнің табиғаты, ағзасының жағдайы, бойындағы жасырын. Белгілі дерттері әрқилы ғой. 
1. Арықтағыңыз келсе. Сұлы ішектегі артық заттарды тазартады, жаншылған сұлы жармасы ағзаға тез сыңеді, тек оны көп мөлшерде, күн сайын жемеу қажет. құрамындағы фитин қышқылы ағзаға кальцидің сіңуін тежейді де. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тағамына айналған, голливуд жұлдыздарында да кеңінен тараған ас. Олардың сымбатты, сұлу болып көрінуінің бір себебі осы тағамды тиімді пайдалануынан, дейді мамандар. Құрамында биотин дәрумені мол болғандықтан, оның теріге пайдасы мол, әрі дерматит ауруына да шалдықтырмайды. Арықтағысы, сымбатты көрінгісі келетіндер сұлы жармасынан жасалған сұйық және жабысқақ ботқаларды жеп жүреді. Сусымалы ботқаларды суға немесе соргпаға қайнатып пісіріп пайдаланады. Ботқа балалар үшін де дәмді, оған жеміс-жидек, кейде даршын қосып та сәбилерді қызықтыруға болады. 

2. Асқазан жұмысын жақсартуды ойласаңыз. Сұлыдан дайындалған квас ішкеніңіз жөн. Жасалу тәсілі: 1 стақан сұлыны үш литрлік банкіге салады, үстіне 3–4 ас қасық қант, сол мөлшерде мейіз қосады, су құяды да бетін дәкемен жабады. 3–4 күн тұруға тиіс. Дайын квасты шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтайды. 

3. Әлсіреген ағзаны оңалтуда. Отадан кейін және ауыр дертпен ауырып жүргенде адамды тез оңалтатын емнің бірі сұлының дәрілік шөбінен дайындалатын тұнба. Ол былай әзірленеді: 2 ас қасық сұлы шөбін еттартқыштан өткізеді, үстіне бір стақан арақ құяды, жылы жерде осы тұнбаны 14 күн қояды да күніне 2 рет тамақтың алдында 20–30 тамшысын ішеді. Бұл зәржолдарындағы дертке де, іш желденгенде де пайдалы. 

4. Сұлы бұлауы. Ревматизм, радикулит (құяқ), ьуынның өзге де дерттерінде қабфлдайды: сұлы сабанынан 1 келісін алып, 5 литр су құйып жарты сағат қайнатады. Сосын сүзгіден өткізеді де ваннадағы суға құйып, соған отырады, жуынады. 

5. Асқазан-ішек ауруларында. 1 стақан сұлыны бірнеше рет сумен шаяды, 2 стақан суда қайнатып, бастапқы су жартысына дейін азайғанша отта ұстайды. Содан кейін үстіне 2 ас қасық бал салады, бірер минут қайнатып, араластырады. Бір күнде қайнатпадан 2–3 рет тамақ алдында ішу қажет. 

6. Ас қорыту жүйесін жақсартуда. Жақсылап жуылған 1 стақан сұлы дәннің үстіне 1 литр бөлме температурасындағы суды құйып, 10–12 сағат тұндырады. Сосын бояу отта жарты сағат қайнатып, отты сөндіреді. Ыдыста жылы орап, тағы да 12 сағат тұндыру керек. Мұнан соң қайнатпаны сүзгіден өткізеді, үстіне 1 литр су құйып араластырады, тамақтанардан 20–30 минут бұрын күніне 3 рет, 100–150 мл-ден ішеді. 

7. Құрғақ жөтелде. 100 грамм сұлы жармасын 1 бас жуашықпен 1 литр суда қайнату қажет. Оны күніне 4 рет 1 ас қасықтан ішіп отырса, жөтелді басады. 

8. Бүйрек ауырғанда, дене ісінгенде. 2 стақан сұлы дәніне 5 стақан қайнаған су құйып, 2 минут қайнатып алады да, жарты сағаттан соң сүзеді. Қайнатпаны 2 ай, күніне 3 рет астан жарты сағат бұрын ішіа тауысады. Бір ай демалып, емді қайта жалғастырады. Асқазанның ойық жарасында да пайдаланады, дейді емшілер. 

9. Дене күш-қуатын арттырғыңыз келсе. 1. Сұлы қайнатпасы: 1 ас қасық сұлы дәніне 2 стақан су құйып, ұзақ қайнатып ішеді. 2. Сұлы қайнатпасы сүт және балмен: 1 стақан сұлы дәніне (сұлы жармасы да жарайды) 5 стақан су құйып, мөлшері азайғанша қайнатып, қою болғанын күтеді. Сүзгіден өткізеді, қайнатпаға 2 стақан сүт құйып, қайта қайнатады да, дайын болған сұйықтыққа 4 шай қасық бал салып, аздап қайнатады. Жылы күйінде күніне 2–3 рет ішеді. 

10. Қант диабетінде. Сұлы дәннің 1 стақаннын 1 литр қайнаған суда ұстап, 40 минут бұқтырады. Сүзіп, тұнбаны күніне 3–4 рет жарты стақаннан қабылдайды. Екінші емі: сұлы дәндерін суға салып жібітіп, жылы жерге қояды. Келесі тәулікте сұлы көктейді. Көктеген дәнді жақсылап жуып, кептіреді. Еттартқыштан өткізіп, ұсақтайды. Оны суда езіп, қайнаған су құйып, 1–2 минут қайнатып алады. Тұнбаны 1 стақаннан күніне 2 рет ішкен жөн. Әр ретте жаңа дайындалғанын қабылдайды. 

11. Созылмалы гепатитте, бауыр циррозында. 1 келі сұлыны жуып, 10 литр суда қайнатып, мөлшері 2 литр қалғанша отта ұстайды. Сосын сүзеді де, 1 келі бал мен 100 грамм сарымай салып қайнатып (10–15 минуттай), суытады. Тамақтан 1 сағат бұрын 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайды. Бауыр қызметін жақсарту үшін және қарттық әлсіздіктен құтылу үшін 1 стақан сұлыны 5 стақан суға салып, қою киселге ұқсағанша қайнатып, сүзіп, оған 4 шай қасық бал қосып, қайнатпаны күніне 3 рет тамақтанарда 1 сағат бұрын жылытып ішкен дұрыс. Қабылдау мөлшері – 1 стақан. 
Ескерту: дәріханаларда да сұлы дәндері, шөбі арнайы қораптарда сатылып, сыртында ем үшін оны қалай қабылдауға болатыны жазылады. Сұлымен емдеуді бастамас бұрын арнайы түрде өз дәрігеріңізбен кеңесіп, маман пікірін де біліңіз. Сонда сақтық шараларынан ауытқымай, сұлының шипасына бөленесіз. Алайда кей адамға сұлы емініің әсері де болмауы мүмкін. Біздің жариялап отырғанымыз емшілер мен мамандардың кеңесі, осы есіңізде болсын. 

Сұлы ұны. Оны печенье және балаларға арналған нәрлі қоспалар даярлау үшін де пайдаланады. 

Сұлы жармасы. Құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәнінен пайдаланылатын жарма арасында алғашқы орында. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындап, пайдаланады да, сұлы жармасынан түрлі тағамдар да әзірлейді. Буданып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы пайдаланады, дейді мамандар. Сұлы талқаны дәнінен арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарын да жасайды.
27 маусым 2018 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031