» » Қызылша – өте жылдам таралатын қауіпті вирусты ауру

Қызылша – өте жылдам таралатын қауіпті вирусты ауру

Қызылша – ауа арқылы тез таралатын, вирустық жұқпалы аурулардың бірі. Бұл дертпен бұрын ауырмаған немесе вакцина алмаған адамдар қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түскен жағдайда ауруды жұқтырып алу қаупі өте жоғары.
Тарихқа жүгінсек, 1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина енгізілгенге дейін, әлемде бұл ауру жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиған. Эпидемиялар әр 2–3 жыл сайын қайталанып, кей жылдары қызылшадан 2,6 миллионға дейін адам көз жұмған.
Инфекцияның негізгі көзі – ауру адам. Вирус ауа арқылы, яғни сөйлесу, жөтелу, түшкіру кезінде бөлінетін түкірік тамшылары арқылы тарайды. Кей жағдайларда вирус ғимараттың желдеткіш жүйесі арқылы да тарай алады. Қызылшамен ауырған адам инкубациялық кезеңнің екінші күнінен бастап, бөртпе шыққаннан кейінгі төртінші күнге дейін айналасындағыларға жұқтыру қаупін тудырады. Ал бесінші күннен кейін ауру жұқтырмайды деп есептеледі.
Қызылшамен бір рет ауырған адам өмір бойы бұл ауруға қарсы иммунитетке ие болады. Ал қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамдардың кез келген жаста бұл ауруды жұқтыру ықтималдығы жоғары.
Аурудың инкубациялық кезеңі 7–14 күн аралығында өтеді. Алғашқы белгілері суық тиюге ұқсас болып келеді: дене қызуының 38–40°C-қа дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі және көздің қызарып, жас ағуы байқалады.
Кейінірек ауыздың шырышты қабығында ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3–5-күні денеде бөртпелер шыға бастайды – алдымен маңдай мен құлақтың артында, кейіннен бетке, мойынға, денеге және аяқ-қолға таралады. Бұл дақтар бір-бірімен қосылып, біртұтас қызғылт түсті бөртпе түріне айналады.
Бөртпе шыққаннан кейін 4–7 күн өткен соң дене қызуы қайтадан көтерілуі мүмкін. Осы кезеңнен кейін дақтар біртіндеп қоңыр түске айналып, екі апта ішінде тері қайта қалпына келеді.
Қызылша кейде ауыр асқынулар тудырады. Олардың қатарында пневмония, ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), ларингит, энцефалит (ми қабынуы), мойын лимфа түйіндерінің қабынуы және көру қабілетінің нашарлауы бар. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дәрігерге уақтылы қаралу қажет.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы – вакцинация. Бұл екпе ағзада тұрақты иммунитет қалыптастырады. Қызылшаға қарсы алғашқы вакцинация балаларға 12 айлығында, ал екіншісі 6 жасында жасалады. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қызылшаға қарсы егілмеген 30 жасқа дейінгі адамдарға қосымша егу жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, жоспарлы екпеден бас тарту – тек өз балаңыздың емес, қоғамдағы басқа балалардың да денсаулығына қауіп төндіреді.
Сондықтан әр ата-ана баласының саулығына жауапкершілікпен қарап, уақтылы вакцина алуды қаперде ұстауы тиіс. Қызылшаның алдын алу – өз денсаулығымызды және қоғамның қауіпсіздігін қорғаудың ең тиімді жолы.
Баян ЕРКЕБАЕВА,
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
23 қазан 2025 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 847
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 568

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930