ҚАУЫННЫҢ ҚАСИЕТІ
Жаз мезгілі шуақты күнімен, жайқалып өскен гүлімен, асыр салып ойнаған балаларымен есте қалады. Айналаңызға көз салсаңыз, бояуы қанық табиғат суреттері өзіне тамсандыра түседі. Көңілді көктемнен кейін жанға жайлылық сыйлайтын осындай жаз мезгілін асыға күтетініміз рас. Бұл мезгіл бізге жеміс-жидектің уылжып пісуі мен балдай тәтті балмұздақты есімізге түсіреді. Ендеше жарқыраған жаз мезгілінде саудасы қызып, көпті қуанышқа бөлейтін дүниелер туралы ақпар бермекпіз.
«Талғамға талас жоқ» дегендей, бір адам қар бызды ұнатса, екінші бір адам қауынды сүйіп жейді. Қауынсүйер қауым да осы жаз мезгілін асыға күтеді. Жалпы қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Оның құрамында қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көмір тектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп.
Халық медицинасында да қауынның белгілі орны бар. Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Сонымен қатар оны үздіксіз пайдалансаңыз, асқазанға пайдасы зор. Беттегі безеуді, секпілдерді кетіруге көмектеседі. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Қауынның дәнін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларына және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолданған. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы пайдаланған. Қауын кальций, калий және магнийге бай. Ол жүрек бұлшықетін күшейтеді, денедегі артық сұйықтықтарды кетіреді және ісінуді жояды.
Сонымен қатар ол сүйектерге, тіске, шаш пен тырнаққа жақсы әсер етеді. Оған қоса жүйке жүйесі мен созылған тамырларды тыныштандырады. Көкөніс құрамындағы С дәрумені суық тиюдің алдын алуға көмектеседі. Қауын құрамында фолий қышқылының болуына байланысты әйелдер мен балаларға өте пайдалы. Алайда оны екі жасқа толмаған балаларға бермеген жөн, ас қорыту жүйесі бұзылуы мүмкін. Сарапшы жақсы піскен қауынның пішіні дұрыс, беті тегіс, жасыл дақтарсыз болатынын айтып өтті. Піскен қауынның сабағы құрғақ болады.
Деректерге сүйенсек, қауынның адамға пайдасы ұшан-теңіз. Мәселен, оның кез келген сортының 100 грамм бөлігі ағзаны бір күндік С дәруменімен қамтамасыз етеді екен. Бұл дәрумен адам ағзасындағы ұлпалардың қалыпты жағдайын сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, жара орындарының тез бітелуі мен тіс пен сүйектердің тез қалпына келуіне мүмкіндік жасайды. Қауынның құрамында А дәрумені де молынан кездеседі. Те ріңіз бен көзіңіздің қарашығына жақсы әсер етіп қана қоймай, көздің көруін жақсартады. Сондайақ, қауынның көптеген түрі В дәруменіне бай. Бұл дәрумен қант пен көмірсуларды өңдіретін болған дықтан денеңіз күні бойына қуатқа толы болады.
Қауын – төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небәрі 33 калория болады. Сондықтан оны диетологтар артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береді. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы. Ағзаны әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтып, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Сан түрлі сырқатқа сеп екенін айтқанымызбен, қазіргі нарықта химиялық заттармен қаныққан қа уындар да кездеседі. Олар дәмсіз болғанымен қой май, денсаулыққа да қауіпті. Сондықтан да табиғилығына мән бергеніңіз жөн. Қа қауын алардаймын десеңіз, сізге мынадай кеңестер ұсынамыз.
Егер қауынның сыртында жасыл тұстары болса, піспегенін аңғартады. Ал қауынның кейбір сұрыптарында өзіне тән жасыл жолақтары болады. Қауынның сырты бүтін, қара дақтарсыз, сызатсыз болуы керек. Сонымен қатар жарылған жерлері болмауы тиіс. Қауында бактериялар тез көбейеді.
Қауынның қабығын басқанда қаттылау болуы керек. Бірақ тым жұмсақ немесе тым қатты болса, басқасын таңдағаныңыз дұрыс. Қауын піскен кезде оның қабығының жасушаларына қаттылық беретін протопектин пектинге айналып, қауынның мәйегін жұмсартады. Қарбыз таңдағандағы сияқты, қауынның да сыртын алақанмен ұрып көру керек. Егер қатты дыбыс шықса, піскенін аңғартады. Қауын қаншалықты жақсы піссе, оның құрамында хош иіс беретін заттар да соншалықты көп болады. Сон дықтан әбден піскен қауынның иісі мұрын жарады. Одан ананас, ваниль және алмұрттың аралас иісі шығады.
Осы орайда айта кеткен жөн, қауын жеген кезде оның артынша бірден суық су, сүт, айран ішуге, йогурт жеуге болмайды. Екеуінің құрамындағы заттар бір-бірімен үйлеспейтіндіктен адам ағза сында жайсыздық орын алуы мүмкін. Мұны біле жүрген, білмейтінге айта жүрген абзал.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ