» » Қызылша қандай ауру?

Қызылша қандай ауру?

Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбнесе балаларда кездеседі . Оның негізгі белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.

Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде, жөтелгенде, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралады. Инфекция көзі- инкубациялық кезеңнің 2-ші күнінен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды,ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейінірек конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) белгілері пайда болуы мүмкін. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады.
Қабынудың ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қылылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтатуболып табылады, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталуы мүмкін, Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады.

А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық СЭББ басшысының орынбасары 
19 қыркүйек 2024 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031