» » Күнделікті өмірге қажетті кеңестер

Күнделікті өмірге қажетті кеңестер

Күнделікті өмірге пайдасы тиетін, қазіргі ғаламтор сәніне айналған "лайфхак" деп те қабылдасаңыз болады: 1. Көптеген адам басы, іші, т.б. ауыра қалса, дереу ауруды басатын дәрі ішеді. Дәріні дәрігердің нұсқауымен емес, интернет, туысы не досының кеңесі бойынша сатып алады. Мұндай салғырттықтың аяғы бауыр, бүйрек, асқазан сияқты маңызды ішкі ағзаларды зақымдауға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан алдымен ерінбей, дәрігерлік тексерілуден өту керек. Себебі аталған аурулар басқа бір дерттің салдарынан болуы да мүмкін. 2. Ыдыс, кір, еден жуғанда қолғап киіп алыңыз, өйткені кір жуғыштың құрамында теріге зиянды әсер ететін нәрселер болады. Егер қолғап киюді ұнатпайтын болсаңыз, онда жұмысыңызды аяқтаған соң, қолдарыңызды сабындап жуып, иісмай жағыңыз. 3. Қыс мезгілінде С дәрумені бар киви, цитрустарды жемістерін жеңіз немесе дәріханада сатылатын кәдімгі аскорбин қышқылын алып, күнделікті қабылдап жүруді дағдыға айналдырыңыз. 4. Жан-жағыңыздағы адамдарға қошемет сөз айта жүріңіз. Өзіңізге де айтылған мақтан сөздерді дұрыс қабылдаңыз: «Ой, қайдағы, былтырғы көйлегім ғой», «жоға, көзім бүгін ісіп тұр» деп ақтала жөнелмеңіз. Сіз қошамет, мақтау естуге лайық жансыз! 5. Алыста тұратын жақыныңызға (туысыңызға) кемінде аптасына бір рет қоңырау шалып, жағдайын біліп қойыңыз. Оған шын ықылас-ниетіңізді білдіріңіз. Сол жерге барғанда сіздің алдыңыздан шұрқырасып, сағынышпен қуана көрісетін жан сол болады.
23 мамыр 2018 ж. 1 157 1

JeaCold от 9 наурыз 2019 13:42
Can Clamydia Meds Be Bought Online levitra 5mg Acquisto Cialis Senza Ricetta Medica

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930