» » Дәрігер беттегі ісінуді кетіретін жаттығуларды атады

Дәрігер беттегі ісінуді кетіретін жаттығуларды атады

Дәрігер Илья Тарасов беттегі ісінуді тоқтататын жаттығуларды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тарасовтың айтуынша, жүрек, бүйрек немесе аллергиялық аурулардан туындаған ісінуді кетіру үшін таңертең арнайы жаттығулар жасау пайдалы.

"Арқа мен мойынды тік ұстап отырыңыз. Басыңызды оң иығыңызға қарай баяу бұрып, сол иығыңызды төмен түсіріңіз. Келесі жаттығу сол бастапқы позициядан орындалады. Иықтарыңызды жоғары көтеріп, басыңызды артқа тартыңыз. Жаттығуды үш-төрт рет қайталаңыз.

Содан кейін ғана бетке арналған жаттығуларды бастаңыз. Бір-екі деп санаған соң ерніңізді біріктіріп, күлімсіреңіз. Бұл жаттығуды да үш-төрт рет қайталаңыз", - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, суық су мен душқа түсу, бетті мұз текшесімен сүрту, ылғалдандыратын салқындатылған маскалар мен патчтар, саусақтармен немесе роликпен бетке массаж жасау ісінуді жеңілдетуге көмектеседі.

13 қыркүйек 2023 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 123
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031