» » Сыр суының сыры

Сыр суының сыры

Бізді қоршаған табиғат, таңғажайып құбылыстарға толы. Қызығына үңілсеңіз естімеген жаңалықтарға қанығасыз. Мәселен, жер шарының көп бөлігін тұтас мұхит сулары алып жатса, оның да өзара байланыспайтын тұстары бар. Қалай дейсіз ғой? Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының сулары бір-бірімен араласпайды. Құдды орталарын көрінбейтін қабырға бөліп тұрғандай. Екеуінің де тұздылығы, құрамы бірдей болғанымен зерттеушілер мұнда бір тылсым күш жатқанын айтқан. Таңқаларлық құбылыс жалғыз бұл жерде емес, әлем елдеріндегі өзендер мен арналарда да кездеседі.
Алысқа бармай-ақ мұндай ерекшелікті өз елімізде де көруге болады. Оңтүстік өңірді кесіп өтетін Сыр өзені сұлулық пен тылсым жайтты қашанда ішіне бүккен ғой. Атағы жер жарған Қорқыт бабамыз осы өзеннің үстіне кілемін жайып қобызын тартса, орта ғасырлық тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер Сыр бойынан табылуда. Айта берсек көп.
Жақында Сырдария өзенінен әдемі ерекше құбылысты байқадық. Жалпы аудан маңынан екі су арнасы өтеді. Бірі – Қараөзек болса, екіншісі – дария. Осы екі арна жылжып келіп дәл ауданымыздың тұсында түйіседі. Алайда байланысуы екі түрлі. Қараөзек арнасының ағысы тез, суы лай болып келеді. Ал Сырдария өзені көк түс болып, лай ағысқа жиектеп барып қосылады. Дарияның ағысы баяу, тып-тыныш. Көбіне бұл өзенді бойында орналасқан халық «жалқау өзен» деп атап кеткен екен.
Әлгі түйіскен жерге азанғы уақытта барсаңыз ерекше байқалады. Күн көк жиектен көтерілген тұста сәулеге шағылысып, Сыр өзенінің көк түсі анық көрінеді. Тіпті картадан да қарауға болады. Екі арнаның арасын әдейі бөліп қойғандай. Мұндай құбылыс жөнінде Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады: «Жаратқан Құдай екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады. Бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды» делінген. Осыдан кейін Жаратқанның шеберлігіне қалайша сенбеске?
Қазір кент тұрғындары бұл ерекшелікті тамашалауға жиі келіп, өзен жағасында демалып қайтады. Ағыспен жарыса соққан самал жел бір ауық шаршағаныңды басып, ойыңды сергітеді.
– Сырдарияның сағасында отырып бір демалып қайту, күндегі әдетіме айналған. Арасында балық аулап, ойымды бөлемін. Адам жұмыс уақытынан кейін бір-екі сағат таза ауада тынығу қажет. Бойдағы ауыр энергияны сыртқа шығарып, жеңілдеген жөн. Су адамға тыныштық береді. Ал мына құбылысты кейін байқадым. Көбіне судың ағысына еріп, дарияны жиектеп жүріп қайтатынмын. Осы қосылған тұсты алғаш көргенімде таңқалғаным рас. Шынымен әдемі көрініс, екеуі екі түрлі. Жалғыз мен емес, басқа да үлкен кісілер осы жерде жиі серуендейді, – дейді  кент тұрғыны Нұрбол Иманәлиев.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
22 шілде 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031