Абайлаңыз-нитрат
Адам ағзасы үнемі көкөністер мен жемістерде болатын витаминдерді пайдалану қажеттілігін сезінеді.Алайда жиі «оңтүстік» жемістер мен көкөністерде нитраттар мен пестицидтер сияқты адам денсаулығына қауіпті заттар бар. Әсіресе қызанақ, қияр, қырыққабат, қызылша, картоп, жасыл (ақжелкен, аскөкө, салат), құлпынай қарбыз және қауын химикаттарға бейім.
Көкөністерде, жасыл және жемістерде улы заттардың болуын тек зертханалық жолмен анықтауға болады. Нитратты өнімдердің сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.
Нитраттармен улану шыңы мамаыр-маусым айларында келді,сатуда ерте көкөніс пен бақша дақылдары пайда болады. Әсіресе балалар денсаулығы үшін нитраттар қауіпті. Көкөністер мен жемістер гастритке,бауыр ауруына,жүйке,жүрек-қантамыр жүйесіне, көрудің бұзылуына әкеледі.
Уланудың ең айқын белгісі-терінің көк түсі,әсіресе көз және ауыз айналасында, бас айналуы, температураның жоғарылауы, жүрек соғуының жиілеуі,құсу,диарея. Мұндай белгілер пайда болған кезде дәрігерге бару керек. Өзін-өзі емдеу жоқ!
Удан қалай сақтануға болады? Жауап қарапайым. Стихиялық сауда орындарында ешқандай жағдайда тамақ өнімдерін сатып алмау қажет. Көкөніс, жеміс-жидек тек белгіленген орындарда ғана сатып алу керек:азық-түлік базарларында,дүкендерде, супермаркеттерде. Сатушыда өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттар болуы тиіс.
Рысбике Қосқожаева,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
зертханашысы