» » Скалодромға баруға 8 себеп

Скалодромға баруға 8 себеп

Егер велосипед, ролик тебуден шаршап, ерекше бірдеңемен айналысқың келіп жүрсе, скалодромға баруды ұсынамыз. Бұл саған не үшін ұнауы керек екеніне 8 себепті жинадық. 

Онда жігіттер көп 

Егер спортқа жақын, бос уақытын қызықты өткізуді қалайтын жігітпен танысқың келсе, скалодром – таптырмас орын. Біріншіден, онда жігіттер қыздарға қарағанда, шынымен, көп. Екіншіден, бәрі шымыр денелі және тартымды. Үшіншіден, оларға сеніммен қарауға болады. Әрбір шыңға шығу үдерісін арнайы жаттыққан маман бақылайды. Алдымен – жаттықтырушы көмектессе, ал кейін жаңа танысың шыңға шығуға демеп жіберер. 

Арықтауға көмектеседі 

Скалодромда жаттығу үлкен төзімділікті қажет етеді. Спортзалда жауыр болған жаттығуларға қарағанда, скалодромдағы жаттығулар әлдеқайда қызық және денені тонуста ұстауға жақсы әсер етеді. Ал бұған керегі, бар-жоғы жоғары шығу! Оңай көрінгенімен, іс жүзінде біраз тер төгуге мәжбүрлейді. 

Өз-өзіңді бағалай түсесің 

Қабырғамен өрмелеп шығу, расында, өте қиын. Кейде орта жолдан қолыңды бір сілтеп, төменге түскің келеді. Бірақ егер соңына дейін жетсең, бойыңды мақтаныш билейді. 

Көңіл-күйің жақсарады 

Жоғары көтерілген сайын жеке өміріңдегі келеңсіздіктер, сәтсіздіктер мен реніштер жайлы ойлағың да келмейді. Басыңда қозғалысты жалғастыру үшін аяғымды қайда қоямын, қай сүйірден ұстанамын деген ойлар ғана болады. Басты мезі болған мәселелерден босатып, сергектік пен қуатқа бой алдырасың. Шыңға әр көтерілген сайын көп мөлшерде эндорфин – бақыт гормоны бөлінетіні дәлелденген. Және мұның бәрі сымбатыңа да көп әсер етеді. 

Достарыңды таң қалдырасың 

Қазір скейт тебе аламын деп ешкімді таң қалдыра алмайсың. Велосипед пен роликтер жайлы айту тіпті артық. Бос уақытын скалодромда өткізетін қыз, - бұл, міне, жаңалық! Осы арқылы көптеген жігіттің қызығушылығын тудырасың. 

Ерекше дайындықты қажет етпейді 

Скалодромда жаттығу арнайы дайындықты қажет етпейді. Мұнда адамның салмағы қанша, жасы нешеде және қолының күші бар-жоғы маңызды емес. Скалодром қате түсініктерді жоққа шығарады және кез келген адамға физика заңын бағындыра алатынына дәлелдейді. 

Жұлдыздармен теңесесің 

Анжелина Джоли, Сандра Баллок, Кейт Хадсон, Нина Добрев, Дженнифер Лоуренс және тағы басқалар құзға шығумен айналысқанды жақсы көреді. Бұл да саған бір уәж бола алатын ақпарат. 

Бұл аса қымбат емес 

Құзға шығу аса қымбат қызығушылық емес. Егер қызығушылығың оянса, саған бар-жоғы арнайы аяқ киім мен магнезиялы дорба қажет болады.
10 мамыр 2018 ж. 1 238 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 22:03
Cialis Nombre Comercial viagra Alldaychemist Prescription Needed Levitra 20mg 8 Stuck Preisvergleich Cession Clomid

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031