Бала қай жаста сөйлеуі керек – логопед жауабы
Барлық балалардың тілі өз қарқынымен дамиды. Бала бірінші сөзді айтуы керек деген қатаң ереже жоқ. Көбінде балалар бір жасқа толғасын сөйлеп жатады.
Жалпы, бала қай жаста сөйлеуі керек? Қандай жағдайда ата-аналар дабыл қағып, мамандарға жүгінгені жөн? Бұл сұрақтарға жоғары санатты логопед-дефектолог Аида Дадыбаева жауап берді.
Тіпті сөйлемейтін баланың өзі сіз ойлағаннан да көп нәрсені түсінеді. Нәресте әртүрлі тәсілдермен сәтті қарым-қатынас жасайды: ол аш екенін білдіру үшін жылайды, қуанған кезде күледі, қалаған ойыншығын көрсетеді және ұнатпайтын тағамнан бас тартады. Ыммен және дыбыстармен мұндай байланыс сөйлеуді дамытудың негізі.
Бір жасар баланың сөздік қоры өте баяу өседі, бірақ екі жасқа қарай қарқыны жылдамдауы мүмкін – бұл уақытқа дейін көптеген балалар (бірақ барлығы емес) бірнеше ондаған сөздерді біледі және екі сөзден тұратын сөйлем құрай алады.
"Егер бала екі жасында сөйлемесе, алаңдауға негіз бар. Өйткені бала бір жастан бастап алғашқы сөздерді айта бастайды. Ол саналы түрде "мама" және "әке" деп айта алады және бір жарым жаста «бер» дегенді сөзді біледі. Бұл балада түсініктің қалай қалыптасатынын өте тиімді көрсетеді», - дейді маман.
Дегенмен, маман кейбір балалар үш жастан кейін сөйлей бастайтынын, егер бала өз ойын жеткізе алса, басқа әдістермен сөйлесуге барса, онда сіз ге орынсыз алаңдауға болмайтынын айтады. Егер ол гиперактивті болса, мазасыз болса және ойыншықтармен ойнамаса онда алаңдай бастауыңыз керек.
«Бұл кезеңде балада өте жоғары еліктеу болуы керек. Егер олай болмаса және бала өз бетімен өмір сүрсе, сонымен бірге ойыншықтармен ойнамаса, онда маманға хабарласқан жөн», - дейді Аида Дадыбаева.
Айта кетейік, аллерголог балада аллергия бар екенін қалай білуге болатынын айтқан еді.

massaget.kz