» » Копирайтер керек пе?

Копирайтер керек пе?


Қазіргі заман талабына сәйкес түрлі мамандықтар пайда болуда. Иә, жаңа ғасырда жаңа мамандыққа сұраныс күн санап артуда. Олар бұрынғыдай 20-30 жылда емес, енді әр 3-5 жылда пайда бола бастады. Мәселен, бұдан 10 жыл бұрын SMM маманы, спичрайтер сынды мамандықтар туралы мүлде естімеген едік. Ал бүгінде мұндай мамандықтың неше түрі бар. Қазір тіпті үйде отырып-ақ жақсы табыс табатын фрилансерлер (еркін мамандықтар) жетіп артылады. Соның бірі – копирайтер. Бұл мамандық туралы не білеміз?
Копирайтер – бұл жарнамалық мақсатта көрсетілетін қызметке мәтін жазып, оны сататын адам. Иә, бүгінде кез келген сайттан мәтінді жарнама арқылы қызықтыруға болады. Копирайтер мақала, блог жүргізу, әлеуметтік желіде жазбалар, электрондық пошта арқылы жаңалық немесе пресс-релиздер жазуы мүмкін.
Ірілі-ұсақты компанияда копирайтер болмаса да, бір маман бұл қызметті қоса атқарады. Айталық, интернет-маркетолог, дизайнер, менеджер, веб-мастер секілді. Алайда жақсы дизайн болғанымен мәтіні адамды тартып тұрмаса, ол жарнаманың сапасын көтермейді. Сондықтан нарықта жақсы копирайтерлер жоғары бағаланады. Негізінде копирайтердің екі түрі бар: біріншісі – сайт пен әлеуметтік желідегі ақпараттық мәтінді әзірлейді, ал екіншісі – жарнама мәтінін жазады.
Копирайтер тапсырыс берушімен ғана емес, аудиториямен де ортақ тіл табысатын, білімді, жан-жақты болуы шарт. Ал сауатты копирайтер кілт сөздерді қолдану арқылы компанияның қызметін пайдалануға немесе өнімін сатып алуға итермелейді. Копирайтердің міндеті – тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жазылған мәтінді белгіленген мерзімде ұсыну. Бұл мамандық біліктілікті, тілді жақсы білуді, жан-жақтылықты, кәсіпке бейім, сатуға икемді болуын талап етеді.
Қазір әлеуметтік желі кәсіптің негізгі құралына айналғанын айта кету керек. Инс­таграмда парақшасы жоқ кәсіпкерді елестету тіпті қиын. Бұрын орыс тіліндегі бизнес-парақшалар көп болса, қазір орыстілді блогерлердің өзі қазақ тілінде блог жүргізе бас­тады. Өйткені қазақ аудиторияcының көбеюі себебінен үлкен компаниялар да қазақ тіліне көңіл бөле бастағандай. Аудитория қайда болса, ақша сонда екені айтпаса да түсінікті. Әлеуметтік желіде тұтынушыға өнімді өтімді жарнамалайтын мәтін керек. Ал бұл тұрғыда копирайтерге жүктелер жауапкершілік көп. Копирайтерлердің бүгінде табысы жазу деңгейіне байланысты. Мәтін құны 3000 теңгеден жоғарылай береді.

Копирайтер қандай болу керек?

Копирайтер ойлауға, жалпылауға, талдауға, перспективаны көруге, болжам жасай білуге, өзгенің және өзінің іс-әрекетіне түсіндірме таба білуі керек. Копирайтер ішінара әрі психолог, әрі философ болуы керек. Себебі мәтінге тапсырыс беруші түрлі саланың адамы болуы мүмкін. Ал копирайтер болса кез келген тақырыпта жаза білуге қабілетті болғаны дұрыс. Егер мәтін дұрыс жазылмаса, оны көпшілік оқымайды. Копирайтердің бойында төмендегідей қасиеттің болғаны артық кетпейді.
Қызығушылық. Автордың эрудициясы неғұрлым кең болса, соғұрлым ол адамдарға көбірек қызығушылық танытады.
Деректерді талдау мүмкіндігі. Біріншіден, автор тақырып бойынша мәселені зерттейді, бәсекелестердің мақалаларын оқиды. Бұл кезеңде оқырмандар үшін қандай ақпарат құнды және пайдалы, ал ненің артық екенін түсіну маңызды.
Ойлаудың шынайылығы. Егер тексеру кезінде мәтіннің бірегейлігі төмен болып шықса, онда жұмысқа ақы төленбейді.
Табандылық. Мәтін жазу кейде көп уақыт алады, кейде маман нақты нені, қандай дүниені жазу керек екенін түсінгенше бірнеше сағат кетуі ықтимал.
Өзін-өзі сынға алу. Копирайтерлерді «тек бір бас жақсы, екеу жақсы» деп көмектесетін сынмен шатастыруға болмайды.
Материалды түсіну үшін копирайтер ізденімпаз болуы керек. Көбіне жаңа тақырыптың табиғатын түсінгені абзал.
Оқуға деген сүйіспеншілік. Кітап – білімнің қайнар көзі, ол сонымен қатар сөйлеу мәнерін дамытады.
Бақылау – бұл келешекте мәтінге өзіндік ерекшелік оған тыныс бере алатын қызықты сәттерді, ұсақ бөлшектерді байқай білу.
Иә, екінің бірі мәтін жаза алады. Дегенмен сауатты, мазмұнды мәтін жазу бөлек әңгіме. Сондықтан жазу қабілеті мен оны сата білу – өнер. Ал өнерді үйрену тек еңбекқор адамдарға ғана тән қасиет.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 сәуір 2021 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031