» » Жаңа заман мамандықтары қандай?

Жаңа заман мамандықтары қандай?

Әлем тез дамып келеді. Күннен күнге жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Соның көбі біздің қоғамға бейтаныс. Заңгер, қаржыгер, журналист сынды мамандар көп екені бәрімізге мәлім. Ал қазіргі жастар жаңа салада жұмыс істегісі келеді. Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол. Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Әңгімелесуші арнайы үйшікте отырады. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Мұндай маман аптасына 10 мыңнан аса адам қабылдауы мүмкін. Кезекте тұрушы мамандығы Ұлыбританияда пайда болды. Зерттеу нәтижесі бойынша ағылшын тұрғындары өмірінің бір жылын кезекте тұрумен өткізеді екен. Кез келген адам өз ісін тоқтатпай, орнына арнайы маманды шақыртып, кезекте тұруды сұрайды.
Байер – сіздің орныңызға киім алып жүретін маман. Олар киім өлшеміңізді алып, сән мен стильге сай киім таңдап, алып береді. Бұл – батыста танымал мамандықтың бірі. Әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда шын мәнінде, екі есе шығынға әкеліп соғады. Мұнда не ақшаны не уақытыңызды таңдауыңызға тура келеді.
Бариста – кофе дайындайтын арнайы маман.
Сусиста – суши дайындайтын адам.
Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасайтын маман.
Стрингер – белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс видео, фотооператоры. Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді.
Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер.
Инжерен-орманшы – орманның жағдайын тексеріп жүретін маман. Хедхантер – бір компанияның жақсы мамандарын басқа компанияға «аулап беретін» мамандар.
Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады.
Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман. Ал сіз тағы қандай мамандықты білесіз?

16 желтоқсан 2019 ж. 1 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728