» » Маман смартфондарда орнатылған танымал қосымшаны өте қауіпті деп атады

Маман смартфондарда орнатылған танымал қосымшаны өте қауіпті деп атады

Киберқауіпсіздік сарапшысы, америкалық Зак Доффман Forbes журналындағы мақаласында Android смартфондарының пайдаланушыларын "өте қауіпті" қосымшаны дереу жоюға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Маман әлем бойынша 100 миллионнан астам қолданушы орнатқан SuperVPN қосымшасы (ақысыз және ақылы нұсқалар) туралы айтқан. Бағдарлама нақты IP мекенжайын ауыстырады және кейбір елдерде бұғатталған сайттарға кіруге мүмкіндік береді.
Доффманның айтуынша, құпиялылық пен қауіпсіздікті қорғауға уәде беретін қызмет керісінше жұмыс істейді. Сарапшы SuperVPN-ді зиянды шпиондық бағдарламалық жасақтаманы жасырғаны және деректердің жайылып кеткені үшін айыптады.
Маман CyberNews тобының ақпан айындағы зерттеуіне сілтеме жасайды, онда хакерлер форумында пайдаланушылардың дерекқорларын сатудың кем дегенде үш әрекеті тіркелген. Олардың барлығы кезінде SuperVPN қосымшасын жүктеген.
Сонымен қатар, CyberNews командасы Google Play дүкенінде әртүрлі бағдарламаушылардың бірдей сипаттамалары мен логотиптері бар кем дегенде алты ұқсас қосымшалар бар екенін ескетті.
 Зак  Доффман VPN орнатқысы келетіндерді дәлелденген шолулары бар танымал әзірлеушіні таңдауға шақырды. Сондай-ақ, ол тегін қосымшалардан аулақ болуға кеңес берді.
07 наурыз 2021 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031