Құрылтай
» » WhatsApp 2021 жылдың қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болады

WhatsApp 2021 жылдың қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болады

WhatsApp мессенджері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады. 


"Біз операциялық жүйесі осы уақытқа дейін IOS 9 немесе Android 4.0.3-ке жаңартылмайтын құрылғылардың кейбір модельдері туралы айтып отырмыз. Ең алдымен, ескерту iPhone 4 және одан бұрынғы модельдердің иелеріне қатысты. IPhone 4s, iPhone 5, iPhone 5s, iPhone 5c, iPhone 6 және iPhone 6s пайдаланушылары жаңа жылдан кейін мессенджерге қол жеткізу үшін бағдарламалық жасақтаманы iOS 9-ға дейін жаңартуы керек" - дейді мамандар.
Маман смартфон арқылы ақша табудың жолдарын айтты 
Сондай-ақ, олар маңызды деректерді жоғалтпау үшін хат-хабарлардың көшірмесін жасауды ұсынды.
"Ол үшін қажетті чатты ашып, "топ туралы ақпарат" түймесін басыңыз. Содан кейін "чатты экспорттау" тармағын таңдау керек -  кейін чатты медиасыз жүктеу мүмкіндігі пайда болады", - дейді мамандар.
Осыған дейін Forbes маманы WhatsApp-тың үш маңызды параметрлерін атады, олар мессенджердің қауіпсіз жұмысы үшін қосылып тұруы керек. Екі сатылы тексеруді орнатып, қосымша алты таңбалы кодты орнатқан дұрыс. Екінші қажетті қадам -смартфондағы фотосуреттер мен бейнелерді автоматты түрде сақтауды өшіру. Сондай-ақ, құпиялылық параметрлеріне назар аудару ұсынылады: пайдаланушы тіркелген соң көретін және оны топтарға қоса алатын адамдардың шеңберін шектеген жөн.
27 желтоқсан 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31