» » 8 наурызда аяулы жандарға не сыйлауға болады?

8 наурызда аяулы жандарға не сыйлауға болады?

Көктемнің ең керемет мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні аяулы аналарымыз бен аруларымызға деген махаббатымызды тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік береді. Stan.kz ақпарат агенттігі мейрамға орай нәзік жандарға не сыйлауға және сыйлықты қалай тиімді шарттармен алуға болатыны жайлы айтып бермек.

жусан


Парфюмерия және косметика 
Бет және дене күтіміне арналған косметикалық өнімдер, иіссу -  бұл мейрамның дәстүрлі сыйлықтарына айналып кеткен. Егер сыйлық алғыңыз келген жанның талғамын жақсы білсеңіз, оның сүйікті парфюмін немесе нарықтағы ең танымал әрі сапалы иіссуды сыйға тартуға кеңес береміз. 
Әйелдер қауымы органикалық косметиканы жоғары бағалайды. Сондықтан бұл мейрамда оларды табиғи компоненттерден жасалған, опа-далаппен қуанта аласыз. 
Техника 
Уақытының көп бөлігін үйдің жұмыстарына арнап, ас үйде дәмді тағамдарды пісіруден шаршамайтын аруларға  асүй жабдықтарын, атап айтсақ, асүй комбайнын, мультиқайнатқыш (мультиварка) немесе электронды еттурағыш сынды дүние сыйлаған абзал. Мұндай құралдар  тамақ әзірлеуге жұмсайтын уақытты  үнемдейді. Осылайша аяулы жандардың өзіне және отбасына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі пайда болады. 
Ал кестелеумен айналысып, тоқыма тоқығанды ермек еткен жандарға тігін машинасын немесе оверлок сыйлауға болады. 
Бағалы ыдыс
Тұрмыс құрған әйелдердің ішінде қымбат әрі қонақ күтуге қажетті ыдыстарға қуанбайтыны кемде-кем. Бағалы сервиздерге ие болған ару құрбыларының қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Мұндай сый сыйлаған сіздің де беделіңіздің артатыны анық. 
Текстиль және үйге арналған тауарлар 
Көптеген әйелдерге сыйлыққа сапалы төсек-орын жабдығын, бірнеше мақталы жұмсақ сүлгілерді алған ұнайды. Ерекше қамқорлықтың белгісі ретінде анаңызға, жарыңызға ортопедиалық матрас немесе жастық сыйлауға кеңес береміз. 
Әшекей бұйымдар
Сырға, алқа, жүзік, білезік сынды бағалы әшекей бұйымдарға әрбір әйел қуанатыны белгілі. Бүгінгі күні жоғарыда аталған заттардың түрі алуан. Бұйымдарды қалауыңыз бойынша сауда ойын-сауық орталықтарынан, әшекей-бұйымдар сататын арнайы дүкендерден сатып алуыңызға болады. Бір айта кетерлігі, егер мереке иесіне  жүзек сыйлау туралы шешімге келсеңіз, алдын ала оның саусағының өлшемін сұрап біліп алған жөн.
Шипажайға жолдама 
Фитнес клубқа абонемент немесе SPA-салонға бару үшін сертификат алып берсеңіз, нәзік жандылардың көңілі марқайып қалады. Сонымен қатар, жақсылап емделіп, денсаулығын қалпына келтіріп, демалып қайтуы үшін шипажайға жолдама сыйлауға болады. 
Мейрамханадағы жайлы кеш  
8 наурызды ардақты жандар көбінесе дастархан жайып, қонақ күтумен өткізеді. Мейрам күні олар өздерін аяулы және сүйікті сезінуі үшін анаңызды, жарыңызды ертіп, мейрамханаға алып барыңыз. Мейрамханаға алдын-ала хабарласып, үстелге тапсырыс беріп қойыңыз. Оларға сәйкесінше құрмет көрсетіп, мейрамды ұмытылмастай етіп өткізуіне үлесіңізді қосыңыз.
Айта кетейік, егер тізімнен өзіңізге ұнаған затты таппасаңыз, сіз бөліп төлеу картаңызды анаңызға, жарыңызға, әпке-қарындасыңызға немесе құрбыңызға беріп, өзі қалаған сыйлықты таңдап алуына мүмкіндік сыйлаңыз. Сыйлық іздеп жүріп, аяулы жандарды гүлмен қуантуды да ұмытпаңыз!
25 ақпан 2021 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031