» » Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?

Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?

Әр жоғарғы оқу орны құрамындағы білікті де білімді мамандарымен ерекшеленеді. Студенттер де атақты ғалым, танымал тұлға, білікті көшбасшы, саналы азаматтардан сапалы білім алсам деп келеді. Осы орайда Назарбаев университеті жайлы айта кетсек. Оқу орнында қандай атақты ғалым-профессорлар дәріс оқиды? Шетелден келген оқытушылардың қандай өзгеше оқыту әдістемелері бар? Бұл сұраққа Назарбаев университеті Провост офисінің бас менеджері Айжан Мусина "Жұлдыз FM" радоиосы эфирінде жауап берді.

- Назарбаев университеті оқытушы профессорлар құрамының сапасына көп көңіл бөледі. Біз үлкен ғылыми жетістіктері, көптеген марапат иегерлері және құрметті әрі кәсіби қоғамдардың мүшелері бар, халықаралық бәсекеге қабілетті ғылыми белсенді академиялық қоғамдастықты құрамыз.

Университетте жоғары деңгейлі мамандар мен танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері дәріс оқиды. Біздің оқу орында халықаралық валюта қорын басқарушы директор Кристина Лагарт, Жапония үкіметінің басшысы болған Синдзо Абэ, Қытай Халық Республикасының төрағасы Син Цзипин және басқа құрметті қонақтар дәріс оқыған.

Назарбаев университетінің академиялық қоғамдастығында 50-ден астам елден келген оқытушылар бар. Басқаша айтқанда, біздің студенттердің білім алу мүмкіндіктерін жақсарту және оқу тәжірибесін арттыру үшін 50-ден астам білім беру жүйесі, ең жақсы оқыту әдістері қолданылады. Біздің профессорлар қолданатын оқыту әдістері нақты білім деңгейіне, пәнге бейімделген және оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Проблемалық оқыту, симуляция жасау және тәжірибелік оқыту медицина мектебіндегі кейбір пәндер үшін ең қолайлы болса, ал кейс стади әдістері әдетте бизнес пәндерде қолданылады.

Назарбаев Университеті (НУ) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы ашылған.

НУ сапалы білім беруді, маңызды зерттеулерді және батыл инновацияны біріктіретін халықаралық деңгейде танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады, осылайша ел мен қоғамның одан әрі дамуына үлес қосады. Құрылған сәтінен бастап НУ, академиялық және ғылыми көшбасшылыққа жету үшін, жергілікті және әлемдік қауымдастықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру және болашаққа дайын түлектерді дайындау үшін құндылықтар мен стандарттарды белгіледі.

2018 жылғы желтоқсанда Жоғары қамқоршылық кеңес 2018-2030 жылдарға арналған жаңа стратегияны мақұлдады. Стратегия жаһандану және серпінді технологиялар дәуірінде қаланған негізге сүйене отырып, өзгерістерге дайындалуға бағытталған.

03 желтоқсан 2020 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031