» » Коронавирус телефон экраны мен ақша банкнотында бір айға жуық өмір сүреді

Коронавирус телефон экраны мен ақша банкнотында бір айға жуық өмір сүреді

Австралия ғалымдары Covid-19 қоздырушы вирустың банкнот, телефон экраны және тот баспайтын болат бетінде 28 күн бойы тіршілік етіп, жұқпалы болып қалатынына сендіріп отыр, - деп хабарлайды Қазақпарат.

Австралия ұлттық ғылыми агенттігі жүргізген соңғы зерттеу қорытындылары SARS-Cov-2 вирусының бұған дейін шамаланғаннан да өміршең болуы мүмкін екенін көрсетті. Елдің CSIRO агенттігі өткізген зерттеу вирустың мобильді телефон экраны, сондай-ақ пластик және қағаз банкнот сияқты тегіс беттерде 20°C температурада 28 күн бойы «өте тұрақты» болатынын көрсетті. Салыстырмалы түрде тұмау вирусы мұндай жағдайда 17 күн тіршілік етеді екен. Кардифф университеті жанындағы вирустық инфекциялар орталығының бұрынғы директоры, профессор Рон Эклс австралиялық әріптестерінің зерттеуіне сын айтып, коронавирус инфекциясын тудырушы вирустың 28 күн бойы «белсенді» болатыны туралы шамалауын тек «қоғамның үрейін ұшыратын қажеті жоқ жаңалық қана» деп мәлімдеді. «Вирустар әлдененің бетінде тек жөтел, түшкіру кезінде, сондай-ақ лас қолмен ұстау кезінде ғана таралады, ал бұл зерттеуде адамның шырышы вирустың таралуы құралы ретінде қарастырылған жоқ», - деді ол. «Менің ойымша, инфекциялық вирустар әлдененің бетіндегі шырышта бірнеше күн емес, тек бірнеше сағат ішінде сақтала алады», - деп қосып өтті Эклс. Шілде айында Lancet-те жарияланған мақалада Рутгерс университетінің микробиология профессоры Эмануэль Гольдман вирустың «жансыз заттар арқылы таралу мүмкіндігі өте төмен» екенін атап өткен. Сондай-ақ, өткен аптада Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди коронавирустың әлдененің беті арқылы таралмайтынын мәлімдеген.


12 қазан 2020 ж. 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930