» » Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?

Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?


Yoola медиакомпаниясы YouTube видеохостингіне талдау жасап, 2020 жылдың бірінші жартысына арналған статистикасын жариялады.

Пандемия кезінде көрілім саны 30%-ға өскен, лайк 52%-ға жиірек қойылатын болған, ал дизлайк тіпті шарықтап кеткен – 75%.

Қолданушылар сенбі мен жексенбі күндері видеохостингіге жиі кіреді. YouTube аудиториясының 40%-ы дәл демалыс күндері видео көреді және көбіне смартфоннан көретін болған – 70%. Ал Android vs IOS күресінде Android-тың үлесі көбірек – 72%.

YouTube-тің белсенді аудиториясы әлі де сол 25-35 жас аралығындағы қолданушылар, одан кейін 13-17 және 18-24 жас аралығындағы көрермендер.

Пандемияда әйелдердің үлесі 3,6% артқан, бірақ ерлердің үлесі әлі де басым – 61%. 

Видеохостингідегі танымал тематикалар аса қатты өзгермеген, тек гейминг арналарының үлесі артқан – 27%, одан кейінгі орында ойын-сауық сегменті мен балалар контенті. Ойын-сауық сегментінде фильмдерге жиі шолу жасалатын болған және музыканың үлесі артқан.

Ең маңызды статистика, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында таным, білім контентінің көрсеткіші едәуір өскен – 74%.

05 тамыз 2020 ж. 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 737
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31