» » Алғысқа бөленген алысқа самғайды

Алғысқа бөленген алысқа самғайды

Ұмытпасам бұл жігітпен таныстығым осыдан он бір жыл бұрын басталыпты. Үйге алғаш ғаламтор орнатпақ болып Қазақтелекомға хабарласқаным бар. Ұзын бойлы жігіт есігімді қағып «интернет құрғызуға өтініш берген сіздер ме?» деп үйге ене кірді. Қимылының шапшаңдығы жұмысының қауырт екенін білдіріп тұр. Менен кейін де күтіп отырған қаншама жан бар сыңайлы. Соның бәріне үлгеру керек. Компьютеріме ғаламтор желісін жалғап, әп-сәтте жұмысын тиянақты аяқтаған ол, барлығын жіті түсіндіріп жатыр. Бұл өз ісінің маманы – Сексенбай Жиенбаев.

   Аудан тұрғындарының тең жартысының үйінде ғаламтор болса, солардың аузынан түспейтін жан – Сексенбай. Қазір дамыған заманды әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Себебі онсыз ешбір жұмысың бітпейді. Бүгінгі қолыңыздағы телефоныңыз, жұмыстағы компьютеріңіз, тіпті техниканың өзі ғаламтормен байланысқан. Ал солардың барлығын ретке келтіріп қадағалап отыратын осы маман иесі.
Сексенбай бұл салаға өзінің қызығушылығын сонау мектеп қабырғасында жүргенде байқапты. Информатика сабағында компьютермен байланысы ерекше болса керек. Сол пәннен олимпиадаға қатысып, жүлделі орынсыз қайтпаған. Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы «Қазақтелекомда» бастаған ол, бүгінде сол саланың қызметкері.
   – Мұнда жұмысты монтёр болып бастадым. Ол уақытта мамандардың ең жасы мен болдым. Жұмыста еш қымсынбай, ынта жігерімнің арқасында бұл саланы тез меңгердім. Бағаналарға шығып үзілген сымдарды да жалғадық. Бірақ көбіне компьютерге ғаламтор орнату жағында жүрдім. Мекеме, үйлерден шақырту түссе дереу барамыз. Қазір ауданның тең жартысынан көбі ғаламтор желісіне қосылған. Сондықтан жұмыс қауырт болып келеді, – дейді маман.
   Рас, жұмыста отырып ғаламтор істемей қалса, «Қазақтелекомға» он хабарласып шыдамсыздық танытып жатамыз. Одан қалды кешігіп жатса, «қайда жүр» деп өзгенің жұмысын елемей өзіміздікін бірінші қоятынымыз тағы бар. Ал оларды кім ойлап жатыр? Адам бойынан тамыр іздегендей кеткен ақауды миллиондаған сымның арасынан іздеп табу да оңай емес. Тіпті сегіз сағаттық жұмыстан тыс уақытта мазалап жататын қаншама.
   Кейіпкеріміз қызметінен бөлек бос уақытында компьютер жөндегенді ұнатады. «Қолым қалт етсе, кішігірім хоббиіммен айналысып демалыс аламын» дейді ол. Ол осындай ерекше қабілетінің арқасында қызметте инженер лауазымына көтерілген. Азанда жұмысқа келгенде ең бірінші іштегі монтёр жігіттерге нұсқаулық сабақ өткізеді. Олардың қауіпсіздігін жіті бақылап жұмысқа дайындығын тексереді. Жұмыс барысында түйіні шешілмеген мәселе болса, бірігіп соны орындауға кіріседі.
   Сексенбай Ералыұлының бүгінде еңбегі елеусіз емес. Облыс әкімінің қолынан алғыс хат алып, аудан әкімінің марапатына бөленген. Одан бөлек ел-жұрттың ыстық ықыласы мен риясыз ризашылығын алған.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

23 мамыр 2020 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 080

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031