» » "Бейсеннің нөмірін бер"

"Бейсеннің нөмірін бер"

- Қарындасым, маған "Қарекеттегі" Бейсен Құранбектің байланысын бер!
- Тыныштық па аға?! 
- Жай, бір мәселе боп тұр!
- Аға, менде бағдарламаның продюсері Алия Кудайбергеноваханымның, шеві Самал Мейрам апайдың және осы ұжымдағы редакторлардың байланыстары бар. Берейін, бірақ бір шартым бар...
- Айта ғой!
-Маған мәселенің шет жобасын айтасыз, бәлкім менің сәл де болса көмегім тиіп қалар...
- Жалпы, қысқасын айтсам...
Осылай бастаған егде жастағы ер азамат өз басындағы қиындығын баяндай бастады. 
Отбасында 2 қыз 2 ұлы бар екен. Бас мәселесі әйелімен араздығы екен. 
- Әйелім үйге кіргізбейді. Ұлдарым ұрады. Қыздарыма да қадірім жоқ. Үлкен қызымның дәу үйі бар. Аяққа тұрсын деп, тегін заворларын жасап, отымен кіріп күлімен шықтым. Ақыры ол да қуып шықты! - деп көзіне жас алды.
-Аға, ішімдікке әуессіз ау!
-Күйіп ішем ғой! Өзімнің қолыммен тұрғызып, өзім салған үйіме қонбағаныма да жыл асты. Барсам, әйелім мен ұлдарым соққыға жығады...
- Бір себебі бар ма?
- Е, қызым ай! Ақша таппайсың, арақ ішесің, сені көргім келмейді дейді! Мен де көше қаңғып, достарымнан да алшақтап қалдым. Олар да қашанғы қондырып тамақ бермек! Мен енді әйеліммен заңмен ажырасып, үйді бөліске салғым келеді. Ұлдарым да қос-қос мәшине бар, біраз бағалы мүліктер бар, соларды заңмен айырып алғым келеді!
Осылай деген кісі мақсатын ашып айтты...
Сұхбаттан кейін ол кісіге бағдарламаның байланыс номерін бере алмадым. Біріншіден Бейсен Құранбектен, екінші туған жерім Жаңақорғанның жаман жағы эфирге шығуын қаламадым!Ішімде осы кісінің айтқандарына күдік пайда болды.
- Аға, маған байланыс номер қалдырыңызшы...Кешікпей хабар берейін...
Ағамның айтқандарын зерделеу мақсатында үйіне арнайы барып, отбасымен таныстым. Кейін үлкен қызы мен күйеу баласымен сөйлестім.
-Ей, әкемнің сөзіне илана бермеңіз!Көресіні көрсетіп бітті...Бағыма орай қуатты, ауқатты жанға тұрмысқа шықтым. Осыны әкем сәтті пайдаланып, жүйкемізге тиіп болды.
Жолдасымнан қымқырған ақшада есеп жоқ. Бірін маған айтып, бірін айтпай берген. Оны қойшы, үйімді өртеп кеткенінен кейін жүрегім суып қалды! Заворларын салып жатқан шеберлерімен бірге жүріп, бізден еңбегіне ақша сұрады. Бізде сол уақытта ақша болмай қалды. Ақша бермеген соң үйді өртемек болды!
Қызы әрі қарай өзін қоярға жер таппай, қолын сілтеп кетіп қалды.
"Жақсы әйел ерді төрге сүйрейді" деген ниетім әдіре қалды! Әйелі жоғары білімді, мектепте мұғалім екен. Шай үстінде ұзақ сөйлестік. Күйеуге деген сенімі жоғалған. Мың рет аузы күйген. Табыс таппағанымен қоймай, карта ойынына құмартып алған. Үйдегі дүниені де тіккен. Береке қашқан.Бала мен әкенің арасын жақсарту үшін жанын қиярға бар, бірақ оны түсінер жан жоқ. Ұл әкесінің кезбелігі мен кесапат тірлігінен ұялады. Достары келеке етеді, қоспайды. Өйбу, қысқасы шым шытырық оқиғалар бітпейді.
Құжатта ерлі зайып болғанымен, баяғыда ажырап, шаңырағы шайқалған жанұя!
-Аға ажырасам деген ниетте екен...Сіз келісесіз бе?
-Орта жастан астық, немерелімін.Келіннен ұялам, күйеу бала бар...Халық күлер...не бетімді айтам...Ағаңа айта бар, ұлдарым жаңа үйлі болды,ескі үйді өзіне берем...Картаға тіге ме, өзі білсін!
Жар рахатын көрмеген жан жұрт шыдамаған қиындығы көргенін, айғай шудан шаршағанын айтты. Ендігісін Құдайға салыпты...
Арада бір күн өтпестен, ертесіне тағы да ентелеп жетіп келген "ағам":
- Бейсенге айттың ба, ажырастырып, қанша ақша алып береді? Көп пе...әлде ....аз ба! Айтшы, не дид?
- Аға, сабыр сақтаңыз ...Сізге Бейсен Құранбек те көмек бере алмайды ма деп қорқам...Сіз "сайтанның" шырмауына оралып тұрсыз. Сізге имани және рухани азық керек. Мен бір жақсы тақсырды білем, ол кісі де менің сөзімді екі етпестен сізге тәлім бергісі келеді. Сонда ғана сізде бәрі қалыпқа келіп, арақты қойып, "құмар" ойынды доғарып, ең бастысы отбасыңызды қайтарып, шаңырағыңызды тіктерсіз!
Осы тұста тақсыр да кіріп келді...
Пы.сы. Кеше сол ағамды отбасымен түскен суретін фейзбуктан көріп, қуанып қалдым. Жүзі жарқырап, өңі кіріп қапты.Жекеме:
-Рахмет, қызым! Өркендей бер! -депті.
Құрметті достар! Тағдыр тауқыметіне түскен жанды жаһанға жар салмай, абыройын шашпайық! Шешілу жолын жарнамаламай ақ іздейік! Алла, тура жолдан тайдырма...
#Qareket
Макпал Патенова
03 қаңтар 2020 ж. 2 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031