» » Тырнақты қай күні алып жүрсіз?

Тырнақты қай күні алып жүрсіз?


Ел арасында тырнақ алуға болмайтын белгілі күндер бар деп жатады. Мысалы, сейсенбі, сәрсенбі күндері және түнде тырнақ алмаған дұрыс деген сөздер де бар.

Шариғат бойынша тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды амал). Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымыздың (ﷺ) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады. Тырнақ астына қаншама микробтар мен кір жиналатындықтан, қажеттілік туындаған жағдайда қандай күн екеніне қарамастан алып отырған дұрыс. Мейлі сейсенбі, сәрсенбі болсын, тіпті түнде де тырнақ қиюға болады. Түнде тырнақ алмау деген, жарықтың жоқ кездері денеңді жарақаттап алмау үшін айтылса керек. Тағы бір ұнамды әрекет – алынған тырнақты көму. Өйткені, Пайғамбарымыздың (ﷺ) алынған тырнақ пен шашты көмуді кеңес еткендігі риуаят етіледі.

Тырнақты, абзалы аптасына бір рет алып тұру керек. Ал, қырық күннен асса – харамға жақын мәкрүһ болып есептелінеді. Олай болған себебі, Сахаба Әнәс: «Мұртты қысқартуды,тырнақ алуды, қолтық түгін жұлып,әурет түгін қыруды қырық күннен асырмауды бұйырды», – деген.

Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басмармағының тырнағымен алумен аяқталады. Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап, ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды.
ihsan.kz
02 қаңтар 2020 ж. 2 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031