» » 28 ЖЫЛ: 28 ДЕРЕК

28 ЖЫЛ: 28 ДЕРЕК

1 дерек: 1991 жыл, 16 желтоқсан – ұлт шежіресінде алтын әріппен жазылған тарихи күн.
2 дерек: Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күні елде барлығы 959 адам дүниеге келген. Соның ішінде ұл бала – 491, қыз бала – 468.
3 дерек: Азаттық жылдарында Нурсултан, Нұрсұлтан, Нұрсултан, Нурсұлтан есімдерімен аталғандар саны 37 мың 276 адамды құрады. Соның ішінде 14-і 1991 жылғы 16 желтоқсанда туған.
4 дерек: Елімізде 1 бала «Тәуелсіздік» есіміне ие, ол Алматы облысында 2011 жылғы 1 желтоқсанда дүние есігін ашты.
5 дерек: Азиада, Азияда есімді 57 әйел бар. Саммит, Саммита, Самит, Самита – 70 ер және 17 әйел адам. Нұрлыжол – 16 ер адам. Нұротан – 10 ер адам. Байтерек – 28 ер, Мәңгілік – 2 ер және 2 әйел адам. Теңге – 10 әйел. Ақорда – 3 ер адам.
6 дерек: Аты «Атазаң» қойылған 1 ұл бала 2009 жылғы 30 тамызда туған.
7 дерек: 17 адам «Астана» есімімен аталған, оның жетеуі – ер, үшеуі – әйел.
8 дерек: Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының саны 2 миллионға көбейді. Қазақстандықтар санының өсу қарқыны – 12,2 % құрады.
9 дерек: Тәуелсіздік жылдарында мемлекетте 8,7 миллион адам туған. Соның ішінде ең көп туу 2016 жыл үлесінде: 400,6 мың бала өмірге келді.
10 дерек: 2017 жылы «ЭКСПО-2017» ұйымдастырылған уақытта осы халықаралық мамандандырылған көрмемен байланысты «Байдібэкспо» атты ұл бала есімі пайда болды.
11 дерек: Ер мен әйел арасындағы өмір ұзақтығының айырмасы 1992 жылда 9,8 жас болса, 2017 жылы 8,2 жасқа дейін азайды.
12 дерек: Жалпы алғанда, ерлер әйелдерге қарағанда өз өміріне көбірек қанағаттанатыны байқалуда: сәйкесінше 58,8% және 54,9%.
13 дерек: Өңірлер арасында орта есеппен алғанда, ұйқыға Жамбыл облысының тұрғындары бәрінен көп уақыт – 9 сағат 48 минут бөледі, ал аз ұйықтайтын – Түркістан облысының тұрғындары: 8 сағат 42 минут.
14 дерек: Қазақстанда 1000 тұрғынға шаққандағы заңды тұлғалар, компаниялар санының ең жоғарғы тығыздығы Алматы қаласының еншісінде. Атап айтқанда, 2018 жыл басында осы көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 65,7 заңды тұлғаны құраса, Нұр-Сұлтанда – 59,9 компаниядан келеді. Ең төмен тығыздық Алматы облысына тиесілі: 10,2 заңды тұлға.
15 дерек: Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде заңды тұлғалар саны 54% көбейді. Мәселен 2008 жылдың басында «Статистикалық бизнес-тіркелім» дерегі бойынша 268 мың 564 заңды тұлға тіркелсе, былтыр жыл басында ол сан 412 мың 677 болды.
16 дерек: Стационарлық көзден ауаға тасталатын ластаушы заттардың жыл сайынғы шығарынды көлемі 1990 жылғы 4 миллион 649,9 мың тоннадан 2017 жылы 2 миллион 357,8 мың тоннаға дейін немесе 2 есе азайды.
17 дерек: Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті.
18 дерек: 2001 жылы еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Сол жылы Рим папасы Иоанн Павел II елордаға келді.
19 дерек: 2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен үшінші мәрте Мемлекет басшысы болды.
20 дерек: 2007 жыл еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.
21 дерек: 2010 жылы Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елде саммит өткізілді.
22 дерек: 2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.
23 дерек: 16 желтоқсан қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсауы кесілді.
24 дерек: Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан.
25 дерек: Елбасы 1996-2005 жылдар аралығындағы ең ауыр сынағы – 9 жыл бойы көршілермен делимитация жұмысын жүргізіп, тыныш аяқтады.
26 дерек: Нұрсұлтан Назарбаев атында Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда көше аталған.
27 дерек: 1991 мен 2006 жылдар аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің өз атымен 12 кітабы жарыққа шыққан.
28 дерек: Биыл Тәуелсіздікке – 28 жыл



16 желтоқсан 2019 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031