» » БАЛУАН БОЙЖЕТКЕН

БАЛУАН БОЙЖЕТКЕН

«Менің мақсатым – чемпион болу». Әсілінде, бұл сөздің астарында қанша салмақ жатыр. Кез келген адам тегіннен-тегін бұл сөзді айтпасы анық. Әйткенмен бойындағы таланты мен жігерін, күш қуатын, жеңісті жолға жұмсай білетін жан ғана осылай мақсат қоя біледі. Бұл мақсаттың иесі – Ұлтай Сейілова. Ол спорт жолын үшінші сынып оқып жүргенде-ақ таңдаған. Соның ішінде белдесу күресі жағынан ептілігімен ерекшеленген.
– Менің осы спорт түріне келуіме бірінші – өзімнің қызығушылығым, екінші – әкем Шәймерденнің ықыласы мен ақыл ойы себеп болды, – дейді жас спортшы. Өзінің еліктегіштігі тағы бар. Ол №30 мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, үлкен әпкесі Алтынай мен «Азия чемпионы» Диананы өзіне үлгі тұтады. Міне, бүгін солардың ізін жалғаушы.
Иә, Ұлтай алғаш рет үлкен жеңісіне 2015 жылы қол жеткізіп, үшінші орынды иеленген. Әсіресе сол кездегі жеңісті сәтін күліп есіне алды.
– Әлі есімде, жарыстан соң марапаттау рәсіміне кезек келді. Сондай қобалжулы күйде болдым. Өйткені өзіме артылған сенімді жоғары санадым. Бар ойым сенімдерін ақтай аламын ба деген қорқыныш. Қазылар есімімді атаған кезде қуанғаным соншалық, көзіме еріксіз жас келді. Сонда бәрі маған қарап күлген еді. Кейде есіме түскенде өзім де күліп аламын, – деді жас жеңімпаз.
Бүгінде ол ауданаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, ірі додаларға жолдама алып жүрді. Ол жақтан да жеңіспен оралып, І, ІІ, ІІІ орынды қанжығасына байлап, ауданның намысын жоғарыдан көрсетті. Кешегі мамыр айында Павлодарда өткен белбеу күресінен жасөспірімдер арасында болған ел чемпионатында І орынды жеңіп, Сыр елінің мерейін асырды.
Спортшының биіктерден көрінуіне жат­тық­тырушысының да еңбегі зор екенін ұмыт­пауымыз керек. Шәкірті додаға түссе ұстазы тақымын қысатыны белгілі ғой. Бүгінде Гүләйім Нұрмаханованың жеңіс туын желбіретіп жүрген шәкірттері жоқ емес, бар. Ол әрқайсысын мақ­танышпен айтады. Әсіресе Ұлтайдың еңбек­қор­лығын ерекше жеткізді.
– Ұлтай ер мінезді, ынталы қыз. Оны спортқа ең алғаш папасы жетектеп әкелді. Міне содан бастап оның күреске деген ерекше көзқарасын байқадым. Ол жаттығып жүріп үйірмеден шығып кетіп жүрді. Содан оны өзіме жақын тартып шәкірт етіп қабылдадым. Дайындық жаттығудан қалмайды. Кейде мен жоқ болсам да жаттығу залына келіп дайындығын жалғастырады. Ер балалармен де күресіп жауырын жер иіскетіп жатады(күлді). Салмағы да жоғары. Ылғи да «сенімдеріңізді ақтаймын» деп өзін де, бізді де жігерлендіріп жүреді, – деді жаттықтырушысы Гүләйім.
Шәкіртінің жақсы болуы ұстазынан демекші Г.Нұрмаханова да демеу беріп қолдап жүрген Әділбек Серікбаев, Ғалым Ержанов және спорт мектебінің директоры Нұрбол Мырзабаевтарға ерекше алғысын білдірді.
Бүгінде Ұлтай Сейілова Қызылорда қаласындағы спорт мектептердің бірінде үлкен дайындықта жүр. Алдағы болатын жарыстарға белсенділік танытуда. Ол өзінен кейінгі жастарды спортқа шақырып, саламатты өмір сүруді ұсынады. Биылғы «Жастар жылында» елімізге үлкен жеңістерді тарту етсем деген жас спортшымыздың сенімі мол. Себебі, мақсаты – айқын.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
           «Қармақшы таңы»

21 маусым 2019 ж. 1 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031