» » ЕРЛАН ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕРЛАН ЕЛ ЕСІНДЕ


Осыдан біраз жыл бұрын жас та болса ел үмітін ақтап жүрген Ерлан Нысанбаев жасындай жарқ етті. Оған себеп жастар арасындағы келеңсіздік. Десе де, талай айтулы жарыстарда өз жас шамасында үздіктер қатарынан ойып орын алып, ел үмітін ақтаған Ерланды ел есінде сақтау және өнеге ету үшін бокстан жасөспірімдер арасында облыс­тық жарыс ұйымдас­тыры­лып келеді.
Биыл 2005-2006 жылдары туған жас­өс­пірім­дер арасында V рет өткен облыстық ашық біріншіліктің ерекшелігі, жеңімпаздар аймақ құрамасы сапында ел чемпионатына қатысады.
Міне, үш күн өткен жарыс қорытын­дысында аралдық Бекарыс Мұратұлы, Бекзат Сержанұлы, Бекзат Көптілеуов, Әлім Айтуаров, Қайрат Дәулет­хан­ұлы және Мүсілім Үсенов, қазалылық Ерхан Оңталап, Керемет Аман, Орақ Сейіл шиелілік Нұрәлі Аманжолов, Серік Советов, Жанболат Жарылқап, қармақшылық Бейбарыс Ефенов, Диас Пірманбаев, Айбек Айдарбеков, Рамазан Радик, Серікболсын Жолдасбаев, жалағаштық Нұрсұлтан Болатбекұлы, Құрмаш Тынымбек, Мадияр Айдосұлы, Бекзат Асқарбай, сырдариялық Біржан Сәдуақасов, қызылордалық Нұрасыл Мыңжасар, Рамазан Нұртілеу, Дарын Кенжебекұлы, Танир Шынжырбай, Мейрамбек Керейтбаев, Даниял Айжарық, Асылан Елдібайұлы және жаңақорғандық Олжас Мүтән өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен бірге, жерлестеріміз Нұрперзент Назымбетов, Ерасыл Әбдірах­манов, Абдулхамит Жеткерген, Өркен Нағашыбаев, Арсен Болатов, Ғафур Құлахмет, Ақниет Қалмаханов және Шерхан Жеткеров пен Жансерік Қосжанов жүл­дегерлер қатарынан орын алса, демеу­шілер тарапынан тағайындалған «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын қармақшылық Шерхан Жеткеров, ал «Үздік боксшы» номинациясын қызылордалық Дарын Кенжебекұлы иеленді.
Жарыстың жабылу салтанатында еңбек ардагерлері Зал Шегебаев, Әбдірахман Нұртаев, Ерланның әкесі Бақытжан Нысанбаев, досы Жасұлан Ағыбаев жарыс жүлдегерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
13 ақпан 2019 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 279
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031