» » «Канело» мен Головкин 2019 жылы кездесуі мүмкін

«Канело» мен Головкин 2019 жылы кездесуі мүмкін


Мексикалық боксшы Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Нью-Йоркте британдық Рокки Филдингпен кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Канело нокдаун алып үлгерген британиялық боксшыны нокаутқа түсірді.

Десек те, ол алдағы болашақ қарсыластарының есімдерін атамады.«Менің білетінім, келесі жылы мамырда және қыркүйекте кездесу өткіземін. Мен жанкүйерлеріме керемет қызықты бокс көрсетемін»,-деді «Канело».

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкиннің командасы «Канеломен» үшінші рет кездескілері келеді. Алайда мексикалық боксшының промоутері Эрик Гомес бұл кездесудің мамырда болмайтынын айтты. Осылайша, кездесуге ыңғайлы уақыт тек 2019 жылдың қыркүйек айы болмақ. GGG-дің «Канеломен» бірінші кездесуі де екінші кездесуі де қыркүйекте өтті. 2017 жылдың 16 қыркүйегінде боксшылар тең түсті. Алайда бұл теңдік даулы болды. 2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Канело» төрешілердің көпшілік дауысымен жеңіп кетті.

17 желтоқсан 2018 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031