» » Fake news: "Альварес екінші рет допингпен ұсталды"

Fake news: "Альварес екінші рет допингпен ұсталды"

Кешеден бері WhatsApp желісінде Сауль "Канело" Альварестен екінші рет допинг табылғаны, Геннадий Головкинге чемпиондық белбеулері қайтарылатыны жайлы ақпарат тарауда. Бұған бірі сенсе, бірі сенбеуде. Әлеуметтік желілер сан түрлі ақпараттың қайнаған ортасына айналғаны қашан? Ішінде дұрысы да бар, бұрысы да бар. Ақиқаты да бар, жалғаны да бар. Арандататын, ел арасына іріткі салатын ақпараттар да кездесіп жатады. Ал күні кеше Сауль Альварес пен Геннадий Головкин жайлы хабарлама тарады. Ақпараттың мәтіні төмендегідей:
"Қурметти қазақ елі,сүйінші хабар Генади белбеулерін қайтарып алды екен себебі Канэлло допингпен тағы да 2-ши мәрте усталыпты деп xабарлайды Бок федерация башылары.Ресми корсетилим 20-қыркүйек сагат 20:00 KAZSPORT арнасында"

Бұл - жалған ақпарат!
WhatsApp желісінде тараған бұл ақпарат жайлы бүгін "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин өзінің facebook
желісіндегі парақшасында арнайы мәлімдеме жасады. - Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңіліңмен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр:)
Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды.  Кез келген жекпе жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз, - деп жазды.


Ақпарат көзі: massaget.kz





19 қыркүйек 2018 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 101
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031