» » Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді

Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзара өткен екінші кездесуден кейін уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағын иеленген мексикалық Сауль "Канело" Альварес 15 қарашаға дейін жекпе-жекке шыға алмайды. Ал Геннадий Головкин 31 қарашаға дейін жұдырықтаспайды. Бұл шеттету - жекпе-жектен кейін боксшылардың жарақатынан айығуына арналған уақыт. Жекпе-жекте екі боксшының да қабағы жарылған болатын. Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен екінші кездесуде Сауль Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Геннадий Головкин мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. "Канело" жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлауда. Ал GGG келесі жылы шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Екі боксшы арасындағы үшінші кездесу жайы да жазылуда.
 massaget.kz





19 қыркүйек 2018 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 029
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031