» » Головкин Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алады?

Головкин Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алады?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 6 мамыр күні таңда америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жұдырықтасады. Бүгін қазақстандық боксшы алатын гонорар мөлшері белгілі болды. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек Карсондағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.  USA Today мәліметі бойынша, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин 2-3 миллион доллардың көлемінде табыс табады екен. Өйткені, оның жекпе-жегі НВО арнасында ақылы жүйе арқылы емес, тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ басылымының жазуы бойынша, егер GGG қыркүйек айына дейін "Канелоны" күтетін болған болса, шамамен 30 миллион доллардай табыс табуы мүмкін болған екен. Бұған дейін ESPN Deportes басылымының тілшілері Головкин мен Альварес арасындағы кездесу өтпейтініне байланысты 250 мың доллардан айырылғанын жазып еді. Дегенмен де Головкин әлі де болса "Канеломен" кездесуден қашып отырған жоқ. Өз кезегінде Альварес те қыркүйек айында отандасымызбен жұдырықтасуға ниетті.

04 мамыр 2018 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031