» » ТАРТЫСТЫ ДОДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТАРТЫСТЫ ДОДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Бүгін Қызылордадағы «Инклюзив орталығында» волейболды отырып ойнаудан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды.
Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Волейболды отырып ойнау федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты жағдай жасау – қоғамды біріктірудің және әрбір жанға тең мүмкіндік берудің ең маңызды тетігі», - деп ерекше атап өтті.
Соңғы жылдары біздің өңірде кәсіби және бұқаралық спортты өркендетуде ауқымды жұмыстар атқарылып, заманауи спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Сыр спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын лайықты қорғап жүр. Алдағы уақытта да әлемдік додаларда еліміздің көк байрағын желбірете берулеріңізге тілектеспін», - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Жарыс қорытындысында І орын Атырау облысы,
ІІ орын Қызылорда облысы,
ІІІ орын Маңғыстау облысы командаларына берілді.

Айта кетейік, 5-8 қараша күндері волейболды отырып ойнаудан өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің өңірлерінен 8 команда қатысты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

08 қараша 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 284
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30